Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов "әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасының нәтижелерін жариялады. Министр атап өткендей, Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында eGov Mobile қосымшасы арқылы атаулы (АӘК) және тұрғын үй (ТҮК) көмегін алушыларға табиғи газға 24%-ға дейін жеңілдіктер ұсынуға арналған цифрлық құрал – "Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасы іске қосылды. Тестілеуден кейін жобаны бүкіл елімізде қолдану жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бастама шеңберінде атаулы және тұрғын үй көмегін алушылар белгіленген шекте газ ваучерлеріне ие болады: БҚО-да айына 833 шаршы метрге дейін және Шымкенттегі айына тұтыс лимиті 631 шаршы метрге дейін. 24%-ға дейін жеңілдікпен тұтынылатын газ көлемі 2,9 млн шаршы метрді құрады.
"Сервистің жоғары сұранысы және өзектілігі оны бүкіл еліміз бойынша одан әрі дамыту қажеттігін растайды. Бұл пилоттық жоба 2025 жылдың сәуір айының соңында аяқталады. Осыған байланысты қазіргі уақытта пилоттық жобаның мерзімін ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін ұзарту, кейіннен еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде 1 жыл мерзімге кеңейте отырып, қолдану туралы мәселе пысықталуда", — деді министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, газ саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы 5 жыл мерзімге бекітіледтін болды.
Сондай-ақ, тауарлық газдың орташа шекті көтерме бағасы 1 000 м3 үшін 23 646 теңге болғанда, ұлттық оператор оны халыққа жеткізуде әрбір 1000 шаршы метрінің 10 096 теңгесін субсидиялайтын болады.