Freedom экожүйесі: заманауи трендтерге терең талдау

Нұрлан Жұмахан 26 ақп. 2025 11:13 348

Күні кеше ғана Freedom Holding Corp. компаниясы Алматыда журналистердің қатысуымен «Freedom Practicum: Трендтерді талдау, Технологиялар және Аналитика» атты семинар-кеңес ұйымдастырып, тілшілері қауымы Freedom экожүйесіне кіретін компаниялардың сарапшыларының өзекті талдаулар тыңдап, көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

 

Цифрлық трансформация игілігі

Freedom экожүйесі – Қазақстанның қаржы және технология нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі екені көпшілікке мәлім. Қаржылық компания цифрлық трансформацияны белсенді жүргізіп, түрлі салада инновациялық шешімдер ұсынып келеді. Оның негізгі жетістіктері қаржы технологиялары, электрондық коммерция, цифрлық банкинг және мобильді төлем жүйелері сияқты бағыттарда құрайтынын білеміз.

Жиын барысында бірінгі болып сөз алған «Фридом банк Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов Freedom экожүйесінің елімізде қаржы, төлемдер және инвестиция салаларын жаңа деңгейге көтеруге барынша ықпал еткен Freedom SuperApp қосымшасының қызметі жайында кеңінен әңгімелеп берді. Бүгінде аталған қосымша пайдаланушылар үшін барлық қаржылық және коммерциялық қызметтерді бір платформада біріктіріп, маңызды қызметтерге қолжетімділікті арттырғанын білеміз.

– Қазіргі таңда Freedom SuperApp – дәстүрлі банкинг пен инвестициядан бастап, күнделікті төлемдер мен онлайн саудаға дейінгі қызметтерді біріктіретін заманауи цифрлық құрылымға айналып отыр. Оның басты ерекшелігі – пайдаланушыларға «бәрі бір жерде» қағидаты бойынша кешенді түрде қызмет көрсететінімен ерекшеленеді, – Айдос Жұмағұлов мырза.

Айтса айтқандай қазір қосымша арқылы Freedom Bank қызметтерін толыққанды пайдалануға кеңінен жол ашқан. Тұтынушылар онлайн шот ашу, төлем карталарын басқару, несие алу, депозит ашу, халықаралық аударымдар жасау сияқты қызметтерді оңай жүзеге асыра алады. Барлық операциялар цифрландырылған, бұл дәстүрлі банк бөлімшелеріне бару қажеттілігін азайтып, клиенттерге уақыт үнемдеуге мүмкіндік бергенін айта кетуіміз керек.

Сонымен қатар, Freedom SuperApp инвестиция құралдарын ұсынады. Қосымшада Freedom Broker жүйесімен интеграция орнатылып, клиенттерге әлемдік биржаларға шығу, акциялар мен облигацияларды сатып алу және сату, қаржы нарығының жаңалықтарын бақылау мүмкіндік беріп отыр. Инвестициялық сервистердің осылайша бір платформада ұсынылуы Қазақстандағы цифрлық қаржы жүйесінің дамуына барынша ықпал етуде.

Қазіргі таңда Freedom Finance компаниясы Қазақстанда цифрлық банкингті дамытудың флагманына айналып отыр.

Оның мобильді қосымшалары мен онлайн қызметтері қаржы операцияларын жүргізуді барынша жеңілдетіп, халыққа дәстүрлі банк қызметтерін қолжетімді етуде. Сондықтан Freedom Bank Қазақстандағы алғашқы толық цифрланған банк деген мәртебелі атқа ие болуда. Клиенттерін қағазбастылықтан арылтып, тиімді қызмет көрсету жүйесін қалыптастырды. Сонымен қатар, банк клиенттерді қашықтан идентификациялау технологияларын белсенді түрде қолданып келе жатқанын атап айтуға болады.

 

Автосақтандыру саласын қандай өзгерістер күтіп тұр?

Семинар барысында «Freedom Insurance» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Керімбаев биыл сәуір айынан бастап еліміздің автосақтандыру саласы қандай өзгерістермен бетпе бет келетінін әңгімелеп берді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы автосақтандыру саласындағы бонус-малус жүйесі жұмыс істейтіні білгілі. Аталған жүйе еліміздегі міндетті автокөлік сақтандыруында қолданылатын жеңілдік пен айыппұл жүйесі екенін айта кетуіміз керек. Бонус-малус жүйесі жүргізушінің сақтандыру тарихына байланысты оның сақтандыру сыйақысының мөлшерін анықтайды. Биыл осы жүйеге бірқатар өзгерістер енбеші.

Өз кезегіне журналистер қауымы Азамат Керімбаевтан депутататырдың ішімдік ішіп алып, көлік жүргізетін азаматтарға қарсы қолданылатынан жазаны төмендету біршама төмендету мәселесіне қалай қарайытынын сұрады.

– Қазіргі таңда ішімдік ішіп алып, көлік жүргізетіндер қолға түссе олар 8 млн теңгеден астам көлемінде айыппұл арқалап, 7 жылға дейін көлік жүргізу куәлігінен айырылады. Жалпы, сақтандыру саласы ішімдік ішіп алып көлік жүргізетін адамдарға қарсы жазаны ауырлату мен төмендетуге ықпал ете алмайды. Жеке азамат ретінде өз басым, мұндай адамдарға қолданылатын жазаны жеңілдетуді қолдамаймын, – деді Азамат Керімбаев мырза.  

 

Қазақ киносының даму қарқыны...

Қазақстандағы мәденени ойын-сауық саласындағы оңды өзгерістер жайында Freedom Holding Corp. Компаниясы құрамына кіретін «Ticketon Events» ЖШС директоры Виктория Торгунакова әңгімелеп берді. Ticketon Events – Қазақстандағы мәдени және ойын-сауық іс-шараларына онлайн билет сатумен айналысатын жетекші компаниялардың бірі. 2012 жылы Алматы қаласында негізі қаланған бұл сервис кинотеатрлар, театрлар, концерттер, спорттық шаралар және басқа да іс-шараларға билеттерді онлайн сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Қазіргі уақытта Ticketon.kz сайты мен мобильді қосымшасы арқылы Қазақстанның 27 қаласындағы 150-ден астам мәдени және спорттық нысандарға билеттерді сатып алуға болады. Компанияның қызметі Қазақстанмен шектелмей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты Орталық Азия елдерінде де қамтып отыр.

2022 жылы Ticketon компаниясы Freedom Holding Corp. құрамына кіргеннен кейін оның қызмет аясын кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ticketon қолданушыларына ыңғайлы болу үшін веб-сайтпен қатар мобильді қосымша да ұсынылған, бұл қосымша арқылы түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді оңай және жылдам сатып алуға болады.

 

–  Қазіргі таңда ойын-сауық шаралары саласы бойынша халық жаңадан шыққан киноларды көруге жиі барады. Біздің есебіміз бойынша оның үлесі 65,40 пайызды құрайды. Ал екінші орында халық гострольдік концерттік шараларға барып, көңіл көтергенді жөн санайды. Концерттердің үлесі 23,97 пайызды құрады. Бұдан кейін орындарда театр (4,08 пайыз) мен спорттық шаралар (2,05 пайыз) тұр, – деп Виктория Торгунакова ойын-сауық саласындағы жағдайға өз бағасын берді.

Өз кезегінде Виктория Торгунакова соңғы 5 жылдың көлемінде елімізде кинопрокат саласында отандық фильмдердің касса жинауы қарқынды түрде дамып келе жатқанын алға тартты.

Семинарда Freedom Finance Ciobal компаниясының сарапшысы Аңсар Әубов ұлттық валютамыз теңгенің нарықта бағамы қалай қалыптасатынын кеңінен әңгімелеп берсе, MTD365 компаниясының негізін қалушы әрі директоры Шыңғыс Құлахметов медициналық технологиялар, цифрландыруды және ел азаматтарының денсаулығын жақсартып, өмір сүру сапасын арттыру жайындағы ой-пайымдармсен бөлісті.

 

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар