Маңғыстау облысында Каспий теңізіне батып кеткен 27 жастағы ер адамның мәйіті бес күннен кейін табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қайғылы оқиға 21 маусым күні Ақтаудан 56 шақырым жерде орналасқан жабдықталмаған жағалау аумағында болған. Ер адам теңізге шомылу кезінде суға кеткен.
Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Оған қолайсыз ауа райы мен теңіздегі қатты дауыл кедергі келтірген. Осыған байланысты сүңгуірлер теңізге тек ауа райы жақсарған кезде ғана шыға алған.
Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, ер адамның мәйіті 26 маусым күні сағат 18:30 шамасында Ақтаудан шамамен 65 шақырым қашықтықта, демалыс орындарының бірінің маңынан табылған.
Аталған дерек бойынша тиісті жұмыстар аяқталды.