Freedom Inside '26

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталғандар "Қара бүркітке" жеткізілді

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталғандар "Қара бүркітке" жеткізілді
ашық дереккөзден

Атырау тұрғыны Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов осы аптада №39 мекеме – "Қара бүркітке" этаппен жеткізілді. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сотталғандардың нақты қайда екені туралы сауал жолдаған. Қор өкілдері Хайржанов пен Катимовтың №39 мекемеде емес, Қостанайдағы №76 мекемеде болуы мүмкін деген ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған.

Осы аптада екі сотталған да өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар ұсталатын "Қара бүркіт" мекемесіне жеткізілген.

Еске салайық, Хайржанов пен Катимов Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған болатын.