Ақтау теңіз порты басшысының не үшін ұсталғаны белгілі болды

ықй 09 мау. 2025 16:41

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Абай Турікпенбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл ақпаратты Курсив басылымы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы – "Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Абай Турікпенбаев 2017 жылдан бері Ақтау халықаралық теңіз сауда портын басқарып келеді. Ол 1964 жылы 4 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазан химия-технологиялық институтын және Еуразиялық нарық институтын тәмамдаған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның батысындағы "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясының президенті ұсталғаны туралы хабар тараған еді. 

Бұл туралы "ҚазАқпарат" өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Қазіргі уақытта порт басшысы тергеу изоляторында отыр. Басылымда өзге мәліметтер нақтыланбаған.

Порттың баспасөз қызметі бұл дерекке әлі жауап берменен.

Ресми сайттағы деректерге сүйенсек, қазіргі президент бұл лауазымға 2017 жылы тағайындалған.

Orda.kz мәліметтерінше, әңгіме "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" президенті Абай Түрікпенбаев туралы болып отыр. Тергеуді ҰҚК жүргізіп жатыр. 

Ақтау теңіз сауда порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында, халықаралық көлік дәліздерінің тоғысқан тұсында орналасқан. Порт Иран, Түркия, Ресей, Әзербайжан елдерімен бағытталған тасымалды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Түрікменстанмен де жүк айналымы бар. Кәсіпорын жыл бойы тәулік бойы жұмыс істейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар