“Бюджет профицитпен Мәжіліске ұсынылуы тиіс". Бектенов Жұманғаринге тапсырма берді

Қаракөз Амантай 09 мау. 2025 18:02

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге алдағы үш жылдық бюджет жобасын профицитпен әзірлеп, Мәжіліске ұсынуды тапсырды. Бұл жөнінде Үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Сізге саяси деңгейдегі нақты міндет жүктеледі — бюджет профицитпен ұсынылуы қажет. Бірақ бұл даму бюджетінен бас тарту деген сөз емес. Енді есептеңіз", – деді Үкімет басшысы.

Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі қарастырылған кезде премьер-министр шынайы валюта бағамын ескеруді және шығындар негізділігін мұқият талдауды тапсырды.

Қосымша кіріс көздері ретінде салық әкімшілендіруін жетілдіру және салық реформасын іске асыру ұсынылып отыр. Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл шаралар бюджетке қосымша шамамен 2 триллион теңге түсіруі мүмкін.

Олжас Бектенов салық реформасының басты мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін арттыру екенін баса айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар