"Ипотека - 20%". Ұлттық Банк несиелердің пайыздық мөлшерлеме көлемін айтарлықтай қысқартты

Кәмшат Тілеухан 09 мау. 2025 16:18

Қазақстанда несиелер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемелеріне шектеулер енгізіліп, жаңаша бекітілді. Енді бұл ретте асыра сілтеуге негіз жоқ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстандағы қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелерінің ең жоғары көлемі бекітілді. Бұл шаралар ҚНРДА мен Ұлттық Банктің қаулыларына сәйкес 2025 жылдың 16 маусымынан бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі.

"Енді қаржы ұйымдары банктік және микрокредиттік несиелер бойынша белгілі бір деңгейден жоғары пайыздарды белгілей алмайды", делінген ресми хабарламада.

Сонымен:

Заем түрлері Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ)
Кепілсіз банк заемы 46%-ға дейін
Кепілі бар банк заемы 35%-ға дейін
Ипотекалық тұрғын үй заемы 20%-ға дейін
Шағын несие (барлық мерзімге) 46%-ға дейін
45 күнге жане 45 АЕК-ке дейін берілетін шағын несие

күніне 0,3%-ға дейін, жылына 179%-ға дейін

ЖТСМ - бұл несиенің пайызы ғана емес, сонымен қатар барлық қосымша комиссияларды, төлемдерді, сақтандыру және басқа да міндетті шығындарды қамтитын толық жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі.

ЖТСМ - кез-келген несиені рәсімдеу кезінде назар аудару керек негізгі көрсеткіш. Ол несиенің нақты құнын көрсетеді.

Қабылданған шаралар несиелеу шарттарының ашықтығын арттыруға және әсіресе, микроқаржы сегментінде өте жоғары пайыздармен күресуге бағытталғаны нақтыланады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар