Құны 1 млн долларға бағаланатын FinTech / Legaltech компаниясының Shart Rate стартапы жекеменшік инвестор тарапынан 150 мың доллар инвестиция тарта алды. Инвестор отандық кәсіпкер Асхат Усманов болып табылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Бұл қызметке инвестиция салу себебіміз, ол "борышкерлер нарығын" ашық және заңды ете түседі. Бұл - қарыз берумен айналысатын барлық адам үшін қажет құрал. Мен өнімге және команданың күшіне сенемін, әсіресе жоба негізін қалаушы Темір Аденге, оның жеке басындағы жағдай оның көзқарасы мен көшбасшылығын дәлелдей түсті", - деді Асхат Усманов.
Shart Rate - бұл жеке және заңды тұлғалар арасында ақшалай және тауарлық мәмілелер бойынша медиативтік келісім жасауға мүмкіндік беретін платформа. Әрбір транзакция медиативтік келісімшартпен қамтамасыз етіледі, ал шарттар бұзылған жағдайда пайдаланушы АХҚО-ның Халықаралық төрелік орталығы арқылы төрелік шешімге жүгінуге мүмкіндік алады.
Қазақстанда қаржылық қатынастардың көлеңкелі аймағы, мәмілелер заңды құралдарсыз қолхат беру арқылы жасалатын әрі кейбірі дау-дамаймен аяқталып жататын жекеменшік нарық тағы бар. Статистикаға сәйкес, жыл сайын мыңдаған азамат сотта қарыз алу фактісін дәлелдей алмай ақшасынан айырылып жатады. Shart Rate стартапының негізін қалаушы олардың дәл осы мәселені шешетінін айтады. Қосымша арқылы мәміле жасасу кезінде тараптар заңды күші бар медиативтік келісімге қол қойылады.