Freedom Inside '26

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 543,5 мың адамға жетті

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 543,5 мың адамға жетті
pixabay.com

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту режимін қолданатын азаматтардың саны 543,5 мың адамға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, деп хабарлайды dalanews.kz.

«2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өзін-өзі жұмыспен қамту режимін қолданатын адамдар саны 543,5 мыңға дейін өсті», – деді Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, елдегі салық төлеушілердің жалпы саны да артқан.

«2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салық төлеушілердің жалпы саны 2 млн 806 мың адамға жетті. Бұл жыл басымен салыстырғанда 367 мың адамға көп», – деді вице-премьер.

Жұманғариннің сөзінше, шағын және орта бизнес те оң серпін көрсетіп отыр. Соңғы бес жылда бұл сектор ел экономикасының шамамен 40 пайызын қалыптастырып, онда жұмыспен қамтылғандар саны шамамен 30 пайызға артқан.