Астанада Абылай хан даңғылының Манас көшесінен Майлин көшесіне дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүріп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz
"Абылай хан даңғылы/Майлин көшесі қиылысы толығымен жабылатын болады. Осыған байланысты 9-10 маусымда көлік қозғалысы толығымен жабылады", - делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.