Fitch Ratings сарапшылары Қазақстан Үкіметінің фискалдық саясатын сынға алды

Кәмшат Тілеухан 24 қаз. 2024 16:05 363

Fitch Ratings сарапшылары Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған фискалдық саясатты сынға алып, ол ел рейтингісіне теріс ықпал етуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мамыр айында Қазақстанның егемен рейтингі "BBB"/Тұрақты " деңгейінде расталған, алайда сол кездің өзінде агенттік Ұлттық қордан бөлінген, оның ішінде мемлекеттік сектор шебі бойынша акцияларды қайта сату схемалары арқылы трансферттер көлемінің ұлғайып жатқанын нұсқап көрсеткен.

"Қазақстанның макроэкономикалық саясатының әлсіз тұстары ақша-кредит және фискалдық саясаттың болжамды көрсеткіші мен оған деген сенімді төмендетеді. Соған байланысты Fitch рейтингісі бағалауындағы макроэкономикалық болжам, саясат және сапалы перспективалар бойынша бір сатыға төмендеу орын алуы ықтимал", делінген болжамда.

Оң факторлар ішінен сарапшылар мемлекеттік қарыздың төмен деңгейін және сыртқы баланстың күйін атайды. Дегенмен, қарыздың өсімі мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, "зейнетақы қорының неғұрлым белсенділігі", сондай-ақ банк секторы арқылы жалғаса беру мүмкіндігі жоғары екені де баса айтылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар