Еуропадағы өзендер тартылып барады: құрғақшылық экономика мен энергетикаға қауіп төндірді

Еуропадағы өзендер тартылып барады: құрғақшылық экономика мен энергетикаға қауіп төндірді
Bloomberg

Еуропадағы аптап ыстық пен ұзаққа созылған құрғақшылық құрлықтағы ірі өзендердің су деңгейін күрт төмендетіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еуропаның ең ірі өзендерінің қатарындағы Рейн, Дунай және По өзендері айтарлықтай тартылған. Соның салдарынан кеме қатынасы қиындап, жүк тасымалының құны өсіп, өнеркәсіп пен энергетика саласына қосымша салмақ түсуде.

Су деңгейінің төмендеуі Франция, Венгрия және Румыниядағы атом электр станцияларының жұмысына да әсер етіп отыр. Нәтижесінде бұл елдер электр энергиясының импортын арттыруға мәжбүр болған.

Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруі мұндай экстремалды құрғақшылықтың жиілеуіне себеп болып отыр. Егер инфрақұрылым жаңа климаттық жағдайларға бейімделмесе, Еуропа экономикасы алдағы жылдары бұдан да үлкен шығынға ұшырауы мүмкін.