Ескі Қазақстанның өкілі Алик Шпекбаев Сингапурдағы тойда көзге түсті

Көркем Алдабергенова 14 ақп. 2025 13:42 2733

Алик Шпекбаев Сингапурдағы тойда көзге түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Белгілі PR маман, блогер Әлішер Елікбаев Тикток парақшасында қазақстандықтардың Сингапурдағы үйлену тойынан влог түсірген. Кадрлардың бірінен Алик Шпекбаев жүргенін байқауға болады. 

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасына дейін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесінде маңызды рөл атқарған Алик Шпекбаев ұзақ уақыт бойы саясаттан алыстап, көпшіліктің назарынан тыс қалған еді. Алайда, былтыр наурызда ол қайта оралып, Антикоррупциялық ұлттық желінің президиум төрағасы қызметіне кірісті.

Жаңа ұйым немен айналысады?

Бұл желіні Қазақстандағы бірқатар қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдар құрды. Құрылымның басты мақсаты – мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, бизнес мүддесін қорғау, заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау, бюджеттік бағдарламалардың қоғамдық мониторингін жүргізу.

Жаңа заң аясында құрылған ұйым

Қоғам белсенділері Антикоррупциялық ұлттық желінің құрылуы қоғамдық бақылау туралы жаңа заңның күшіне енуімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Бұл заң азаматтарға мемлекеттік саясатқа белсенді араласуға мүмкіндік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Pitbull (әңгіме)
07 нау. 2025 23:01