Ерлан Қарин: «Мемлекет басшысының бастамасымен елде ауқымды және терең өзгерістер жүріп жатыр»

Dalanews 28 жел. 2024 18:10 686

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Мемлекеттік кеңесші бірегей білім ордасының тарихи маңызына, Президенттің бастамасымен қолға алынған ілкімді істерге тоқталды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елде ауқымды және терең өзгерістер жүріп жатыр. 2029 жылға дейін инфрақұрылым жүйесін жаңартуға қатысты кешенді жоспар қабылданды. Тек биылдың өзінде 6 мың шақырымнан астам инженерлік-коммуникация желісі жөнделді және 12 мың шақырым жол жөндеуден өтіп, салынып жатыр. 3 әуежайдың жаңа терминалы іске қосылды", - дейді Ерлан Қарин. 


Мемлекеттік кеңесші биыл 100-ден астам мектеп салынды, соның ішінде 53 жайлы мектеп барын атап өтті. 

"Соңғы он жылда рекордтық астық жиналды. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, биыл жалпы құны 1,27 триллион теңге болатын 169 кәсіпорын іске қосылды. 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан жоспарлы, жүйелі жұмыстың нәтижесі", – деді Мемлекеттік кеңесші.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар