Өз кезегінде Түркия Жоғары сайлау кеңесінің (ОСК) төрағасы Ахмет Йенер да Ердоғанның жеңіске жеткенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, бюллетеньдердің 99,99 пайызын санау қорытындысы бойынша Режеп Тайып Ердоған 52,92 пайыз, Кемал Қылычдароғлы 47,86 пайыз дауыс жинаған.
– Қазіргі президенттің кандидатурасын 27 миллион 513 мың 587 сайлаушы қолдаса, Қылычдароғлы үшін 25 миллион 260 мың 210 сайлаушы дауыс берді. Айырмашылық 2 млн 253 мың 478 болды, – деді ОСК басшысы.
Өз кезегінде Ердоған алдағы бес жылда елді басқару жауапкершілігін өзіне және оның әкімшілігіне тапсырғанын айтып, елдегі сайлау нәтижелерін де демократия мерекесі деп атады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
– Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
АҚШ президенті Джо Байден де өзінің Твиттер парақшасында: «Президент Ердоғанды қайта сайлануымен құттықтаймын! Мен НАТО одақтастары ретінде екіжақты мәселелер мен жаһандық сын-қатерлер бойынша ынтымақтастықты жалғастыратынымызға сенемін!», – деп Ердоғанды жеңісімен құттықтады.