Энергетика министрі: Ресей бензині экспортына енгізілген шектеу Қазақстанға әсер етпейді

Кәмшат Тілеухан 01 там. 2025 17:37

Ресей тарапынан  бензин экспортына енгізілген кезекті шектеудің Қазақстанға ешқандай әсері жоқ. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, Ресей Федерациясы бензиннің АИ-92 және АИ-95 маркаларының экспортына шектеуді соңғы үш жыл қатарынан енгізіп келеді. Бірақ, бұл шектеулер үкіметаралық келісімдерге сәйкес индикативтік баланстар аясында өзара міндеттемелер алған елдерге жүрмейді. Қазақстан осындай келісімге қол қойған мемлекеттердің қатарында. Аталған келісім аясында еліміз үшін Ресейден 285 мың тонна бензин экспорттау мүмкіндігі қарастырылған.

"Біздің ішкі нарықтағы жағдай тұрақты. Қазақстан бензинмен өзін толық қамтамасыз етіп отыр. Биыл алғаш рет тарихымызда 70 мың тоннадан астам бензинді экспорттадық. Бұл – еліміздегі бензин өндірісі мен оның тасымалында ешқандай іркіліс жоқ екенінің нақты дәлелі, – деді Ерлан Ақкенженов.

Министр елімізде бензин тапшылығы байқалмайтынын, дегенмен мұнай өнімдерін заңсыз экспорттауға қарсы бақылауды күшейте түсу қажеттігін де баса атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар