Елордалықтар "Транстелекомның" интернет қызметінің сапасына жаппай шағымдануда, деп хаарлайды Dalanews.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
"Мен Zauzar тұрғын үй кешенінде тұрамын. Ғаламторымыз екі күн болды, нашар істеп тұр, ал кеше түнде мүлдем болмады, жалғыз менде емес, көршілеріміздің бәрінде. "Транстелекомның" байланыс орталығына хабарласу мүмкін емес, телефонның арғы жағынан "робот" жауап беріп, "барлық операторлардың бос емес" екенін айтады. Ойлаңызшы, интернеттің осындай сықпытымен біздікілер цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытпақ, оның үстіне "біздің интернет Токиодан да күшті" деп өтірік айтудан еш қымсынбайды", - дейді ҚазТАГ агенттігінің елордалық оқырманы сенбі күні.
Агенттік те тұрғынның бұл айтқанын растайды, материалды жазу кезінде сағат 10:10-дағы жағдай бойынша "Транстелеком" интернеті аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары үшін қолжетімсіз болған.
Айта кетсек,елодалықтар "Транстелекомның" интернет қызметінің сапасына бұл бірінші рет шағымдануы емес. Аталған мәселе туралы біз 2025 жылы маусым айында да жазғанбыз.
2025 жылы 12 ақпанда Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев сатылуына байланысты "Транстелеком" АҚ басшылығындағы қызметінін босағанын мәлімдеген.
"Транстелеком" Қазақстандағы 75 ірі жеке компаниялар рейтингіне енеді (2024), 36-орында, кірісі 78,9 млрд теңге, ал таза пайдасы 10,7 млрд теңге болады.