Қазақстанның үздік 10 банкінің бесеуінде депозиттердің жабылуы, ақшаны әкету фактісі тіркелді. Ұлттық Банк ұсынған 2025 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша, қазақстандық банктерде жатқан бизнес пен халықтың ақшасы 41,7 трлн теңгені (наурыз айында+1,1% немесе 482 млрд теңге) құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық Банктің нақтылауынша, банктерде жеке тұлғалардың 24,2 трлн теңге, ал заңды тұлғалар 17,5 трлн теңге жинағы сақтаулы.
Үздік ондықта сақтаулы тұтынушылар ақшасы "Еуразия", ЦКБ, Bereke, Bank RBK және "Отбасы" банктерінде күрт қысқарған. Ал жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі бойынша Halyk және Forte – әрқайсысында 36 млрд теңгеден, заңды тұлғалар салымы бойынша Kaspi (399 млрд теңге) мен Forte (116 млрд теңге) көш бастап тұр.
Оны мына төмендегі цифрларды айқындай алады. Сонымен ТОП–10 отандық банктегі халықтың салымы:
1. Halyk - 12,6 трлн теңге:
- жеке тұлғалар - 6,9 трлн теңге (наурызда+36 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 5,6 трлн теңге (+97 млрд теңге);
2. Kaspi - 6,6 трлн теңге:
- жеке тұлғалар - 5,8 трлн теңге (+34 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 784 млрд теңге (+399 млрд теңге);
3. Банк ЦентрКредит – 5 трлн теңге:
- жеке тұлғалар - 2,8 трлн теңге (+29 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 2,2 трлн теңге (-107 млрд теңге);
4. ForteBank - 2,99 трлн теңге:
- жеке тұлғалар - 1 трлн теңге (+36 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 1,93 трлн теңге (+116 млрд теңге);
5. Отбасы Банкі - 2,7 трлн теңге:
- жеке тұлғалар – 2,5 трлн теңге (-16 млрд теңге),
- заңды тұлғалар – 125,8 млрд теңге (-13 млрд теңге).
6. Jusan Bank - 1,5 трлн теңге:
- жеке тұлғалар - 810 млрд теңге (+2,6 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 747 млрд теңге (+14 млрд теңге);
7. Еуразиялық банк - 2 трлн теңге:
- жеке тұлғалар - 1,1 трлн теңге (-30 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 904 млрд теңге (-100 млрд теңге);
8. Фридом банк Қазақстан - 1,1 трлн теңге:
- жеке тұлғалар - 636 млрд теңге (+10,9 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 482 млрд теңге (+5,7 млрд теңге);
9. Bank RBK - 1,5 трлн теңге:
- жеке тұлғалар - 581 млрд теңге (+6 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 960,8 млрд теңге (-37 млрд теңге);
10. Bereke Bank - 1,47 трлн теңге:
- жеке тұлғалар – 711,8 млрд теңге (+26,4 млрд теңге),
- заңды тұлғалар - 763 млрд теңге (-63,3 млрд теңге).
Бұған дейін сайтымызда 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, БЖЗҚ активтерін басқарушы компаниялардың қайсысы жоғары кірістілік танытқанын жазған болатынбыз.