Еліміздегі ипотекалық тұрғын үй зайымдары бойынша жылдық жоғарғы тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 20%-ға дейін төмендетуді ұсынған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк бірлескен қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Құжатта бұл шара ипотекалық тұрғын үй займдарының қолжетімділігін арттыру үшін қолға алынып отырғаны нақтыланады.
Агенттік пен Ұлттық банктің қолданыстағы ережелеріне сәйкес, ипотека бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшерлемесі қазір 25%-ды құрайды.
"Ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі былай белгіленсін: екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк несиесі бойынша кепілзат қойылмаған банк қарызының жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 46%; кепілзат қойылған банк несиесі - 35%; ипотекалық тұрғын үй заемы - 20%; микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар беретін шағын несие - 46%", делінген қоғамдық талқылауға ұсынылған қаулы жобасында.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, көрсетілген несиелер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі тиісінше жылына 46%, 35%, 20% және 46%ды құрайды.
"Осылайша, мөлшерлеменің төмендеуі нарықтық шарттармен берілген ипотекалық несиелерге ғана әсер етеді, өйткені Отбасы банктің ипотекалық несиелері мемлекеттік қолдаудың арқасында нарықтық мөлшерлемелерден де айтарлықтай төмен", деп нақтыланады құжатта.
Бұған дейін наурызда "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініштер қабылдау басталатынын жазғанбыз.