Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.
Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін “жалған рецептер” жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.
“Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының "Әлеуметтік әмин" бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді.
Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде”, — делінген хабарламада.
Мәлімдемеге сүйенсек, QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба пилоттық режимде іске қосылды және қорытындысы бойынша оны барлық республика бойынша масштабтау жоспарланып жатыр.
“2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. – 77,6 мың, 2024 ж. – 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. – 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт)”, — деп қосты олар.
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді.