Ақша жинағының тиімді бір түрі – банктегі депозиттер. Еліміздегі екінші деңгейдегі банктер бұл ретте тұтынушының ақшасын жинақтап, сақтап қана қоймай, жылына үстінен аздап та болса табыс көруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда еліміздегі банктер арасында, міне осындай уәде етілетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) ең жоғарысы Freedom Bank-ке тиесілі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"2025 жылғы 19 мамырдан бастап Фридом Қазақстан Банкі жеке тұлғалардың теңге түріндегі салымдары бойынша жылдық пайыздық мөлшерлемелерді жаңартады. Енді қазақстандықтар жылдық 18,5% сыйақы мөлшерлемесімен ақшасын осы банкте сақтай алады", делінген банктің ресми баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, бұл өзгеріс "Стратегия" және "Капитал"депозиттерін қамтиды.
"Стратегия" депозиті:
- Мерзімі: 6 ай.
- Номиналды мөлшерлеме: 15,5%
- ЖТСМ: 16,5%
"Капитал" депозиті:
- Мерзімі 3 ай – 15,9% (ЖТСМ - 17,0%)
- Мерзімі 6 ай – 17,2% (ЖТСМ - 18,5%)
- Мерзімі 24 ай – 10,75% (ЖТСМ - 11,3%).
"Біз клиенттерге ақша жинақтаудың тиімді құралдарын ұсынуға тырысамыз. Ставкаларды көтеру -бұл халықтың қаржылық тұрақтылығын қолдау жөніндегі стратегиямыздың бір бөлігі", деп түсініктеме береді банктің баспасөз қызметі аталған өзгеріс бойынша.
Айта кетсек, 14 мамырдан бастап Евразиялық банк те өз мөлшерлемелерін көтерді. Атап айтқанда, толықтыру құқығынсыз теңге түріндегі "TURBO Депозит Накопительныйда" өзгеріс болды :
- Мерзімі 3 ай 17,3%-дан 18% сыйақы мөлшерлемесімен;
- Мерзімі 6 айға дейін 10 млн теңгеден бастап: 18,1%-ден 18,2%-ға дейін.
Бұл банк депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін таяуда ғана, яғни 1 мамырда көтерген болатын.
Сол секілді 9 мамырдан бастап Home Credit Bank толықтыру мүмкіндігі мен мерзімінен бұрын ақшаны шешу алу қарастырылатын "Простой" және "Почтовый" депозиттерінің жылдық сыйақы мөлшерлемелерін 0,5%-ға арттырды. Бірақ банк 3 ай мерзімді қамтитын "Простой" депозиті бойынша салым қабылдауды тоқтатқан еді.
Бұған дейін сайтымызда "Қазақстандағы ең бай адам – Тұрлов Трамптан да ауқатты болып шықты" деген материал жарияланған болатын.