Қазақстандағы ең бай адам – Тұрлов Трамптан да ауқатты болып шықты

Кәмшат Тілеухан 15 мам. 2025 17:11 516

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдарың тізімін жариялады. Олардың ішінде АҚШ және Қытай азаматтары жетерлік. Бұл тізімге Қазақстаннан еліміздегі №1 ең бай адам – Тимур Тұрлов та жүр. Ол әлемдегі ең ауқатты 500 адам қатарына еніп, дәл қазіргі уақытта тізімде 463-орынға орныққан. Күні кеше еліміздегі ең бай адамдар көшбасындағы Вячеслава Кимді екінші орынға ығыстырған Тұрлов, тіпті қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптан да әлдеқайда бай болып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл арада америкалық Forbes журналдың байлардың байлығын нақты режимде бағалайтынын баса айта кетелік. Сондықтан тізімдегі цифр аракідік өзгеріп отырады.

Freedom акцияларының өсімінің арқасында бүгінгі таңда капиталын тағы 2,26%, ал бір апта ішінде 10,7% , бір айда 30%, ал бір жылда 134% арттырды.

Freedom холдингтің басшысы және акционері Тимур Тұрлов америкалық Forbes журналының бағалауы бойынша ең бай қазақстандықтардың бірі саналады. Әрі ол күні кеше көп уақытқа дейін Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұрған Вячеслава Кимді екінші орынға ығыстырды.

Қазіргі уақытта Тұрловтың байлығы 7,2 млрд долларға, ал Kaspi-дің тең қожайыны Вячеслав Кимдігі 7,1 млрд долларға бағаланады. Бірнеше күн бұрын ғана кәсіпкердің байлығы 5,8 миллиард доллар болған еді.

Бір қызығы, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 463-орынға жайғасқан Тимур Тұрлов қазіргі АҚШ президентінен де әлдеқайда бай болып шықты. Дональд Трамп бұл тізімде 5,5 млдр доллар байлығымен 649-орында тұр. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар