Екі апта кешіккен құттықтау: Ғабидолла Абдрахимов елді елең еткізді

Көркем Алдабергенова 20 қаң. 2026 09:47

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Абдрахимов елді елең еткізіп, Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абдрахимов елді 16 қаңтарда құттықтаған. 

Еске салайық, биыл 9 қаңтарда Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Самұрық-Қазынада" қызметке тағайындалған болатын

Ақпаратқа сәйкес Samruk-Kazyna Construction басшылығының жұмыс сапары аясында компания кеңсесіне басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов барған.

Бұл ақпаратты "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі де растады.

"2025 жылғы 29 желтоқсанда Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, Ғабидолла Әбдірахымовтың компанияның басқарма мүшесі емес екені нақтыланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove