Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Самұрық-Қазынада" қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Түркістан облысында электр станциясын салу үшін құрылған "ПГУ Түркістан" компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Ақпаратқа сәйкес Samruk-Kazyna Construction басшылығының жұмыс сапары аясында компания кеңсесіне басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов барған.
Бұл ақпаратты "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі де растады.
"2025 жылғы 29 желтоқсанда Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, Ғабидолла Әбдірахымовтың компанияның басқарма мүшесі емес екені нақтыланды.
