Германияға Қазақстан мұнайы айдалатын "Дружба" мұнай құбыры зардап шеккен жоқ. Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.
Желтоқсанның 10-нан 11-іне қараған түні Украина әуе күштерінің дрондары Ресейдің Брянск облысындағы жанар-жағармай шығаратын зауытқа шабуыл жасаған. Салдарынан Брянск маңындағы Свень ауылындағы "Дружба" құбырының құю бекеті отқа оранғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Алайда бұл мәлімет ресми түрде жоққа шығарылды.
Ұлттық компанияның хабарлауынша, Украина әуе күштерінің дрондары шабуыл жасаған Ресейдің Брянск және Ростов облыстарындағы жағдайға байланысты "Дружба" мұнай құбыры зардап шеккен жоқ. Негізінен соққылар жанар-жағармай шығаратын нысанға бағытталған, деп жеткізген осы мұнай құбырына иелік ететін "Транснефть" ЖАҚ" "ҚазТрансОйлға".
"Мұнай құбырларына соққы бағытталып жатқан жоқ, өйткені ондағы көлем Еуропаға (Германия) бағытталған", - деп хабарлайды ҚТО.
Айта кетсек, Қазақстан Германияға 2023 жылдан бастап мұнай импортын ұлғайта бастады. Шикізат "Өзен – Атырау – Самара" және "Дружба" мұнай құбырлары арқылы айдалады. "Дружба" құбыры отандық шикізатты Ресей территориясы арқылы ("Транснефть" ЖАҚ), одан әрі ГФР-ға тасымалдау үшін "Адамова застава" мұнай тапсыру пунктіне жеткізеді.
Бұған дейін, 2 желтоқсанда Қазақстан мұнайын Германияға айдайтын "Дружба" құбырында ақау пайда болған. Польша тұсында анықталған бұл ақау бірнеше күннен кейін қалпына келтірілгені айтылған. Негізінен, "Дружба" құбырының солтүстік тармағы бойынша Германиядағы мұнай өңдеу зауытына 2023 жылдың ақпан айынан бастап тәулігіне 2 млн баррель Қазақстан мұнайы айдалуда. Бұл тасымалға бірнеше рет қауіп төнген. Бұл реттегі апат тұрғысында емес, төлемдер бойынша. Мәселен, "Дружба" құбырының операторы - "Транснефть" Варшавадан биыл маусым айына дейін Адамоводағы базасында газды өлшеу қызметтері бойынша төлем жасауды талап етті, бірақ поляк операторы батыс санкцияларын бұзамын ба деп қорыққан. Ақырында "Транснефть" және қазақстандық мұнайды қабылдаушы Шведтегі неміс МӨЗ польяк шығындарын өз мойындарына алатынын, ал аты аталмаған словак компаниясы PERN-ге санкция әсері тәуекелдері мәселесімен айналысуға өзара келіскен болатын. Сондықтан мұның барлығы бұл арада мұнай экспорты көлеміне қатысты шешім біржақты шешілмейтінін аңғарта алады.