Досым Сәтпаев фейк партиялар мен зомби депутаттарды әшкереледі

Dalanews 22 там. 2019 15:06 916

Саясаттанушы Досым Сәтпаев "бұл жүйе өзгермей, парламенттік сайлаудан әділдік күтудің қажеті жоқ" дейді. 

Бәсекеге қабілетті сайлау жүйесі бар елде пропорционалды, мажоритарлық немесе аралас жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мәселе көтеріп, әңгіме айтуға болады, негізі.

Ал Тұңғыш президентіміздің елдегі жүйені пропорционалды деп атағаны енді, тіпті шындыққа сай келмейді.


Оларды фейк партиялар, зомби депутаттар десе болады, бірақ олар өз бағдарламасының, көшбасшылары немесе партияларының күшімен жойқын додада жеңіске жетіп, электоральды мандат жинайтын классикалық саяси партиялар қатарына жатпайды.

Біздің билікке парламенттік сайлауға қайсы ыңғайлы: пропорционалдық па, әлде мажоритарлық жүйе ме деп ойланып, шаршаудың түкке керегі жоқ.


Бұл арада бәсекелестік те, ашықтық та, сайлаушылары да жоқ әлдеқашан «өліп» қалған сайлау жүйесінің өзін өзгерту керек.

Басқа елдердің тәжірибесі Парламент сайлауында пропорционалдық та, мажоритарлық та, аралас жүйелер де бола беретінін көрсетеді. Бірақ істің мәнісі онда емес.

Барлық жердің кем-кетігі мен өз артықшылығы болады. Бірақ оларды біріктіретін жалғыз нәрсе бар. Ол - жоғары саяси бәсекелестік, фейк партиялардың, зомби депутаттардың болмауы.

Әрине, ол арада да саяси популизмге кеңінен жол беріледі, бірақ парламенттің құрамы қоғамның көңіл-күйінің айнасы іспетті, бәрін көрсетіп тұруы керек.

Біздегідей атқарушы биліктің қас-қабағын бағып, солардың айтқанына құлдық ұрмайды. Сондықтан билікті бөлшектемесе болмайды.


Әйтпесе, тура біздегідей болады: Парламент сайланбайды, тек «порциональды-миноритарлық жүйе негізінде құрылады. Осы жүйе сақталып қалса, онда кез-келген мерзімінен бұрын парламенттік сайлаудан жақсылық, бір жаңашылдық күтіп керегі жоқ.

Ол бір орнында кегежектеп тұруды білдіреді. Бірақ біздікілер алыс қашықтыққа жүгіру секілді мақтануын асырап жарнамалайды дейсіз келіп...

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар