Дженнифер Лопестың концерті Алматыға 10 млрд теңге табыс әкелді

Кәмшат Тілеухан 18 там. 2025 10:14

Алматыдағы Дженнифер Лопес концертіне 27 мың көрермен жиналды, ал одан түскен табыс 10 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетсек, Алматыдағы Орталық стадионда 2025 жылы 10 тамызда Дженнифер Лопестің ауқымды шоуы өтті.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оған 27 мың көрермен қатысты, оның ішінде 35 елден келген 7 мың шетелдік қонақ болды.

Экономикалық тиімділік те жоғары көрсеткішке жетті:

  • 10 млрд теңгеден астам айналым;
  • шамамен 600 млн теңге салық түсті;
  • концерт күні Алматыда шетелдік туристердің өзі 5 млрд теңгеден астам ақша қалдырды.

Дженнифер Лопес тобы концерттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Әншінің турының бас режиссері мен техникалық директоры Григорий Антропов Алматыдағы дайындық жұмыстары барлық қаланың ішінде ең үздігі болғанын атап өтті.

"Мұндай ірі мәдени іс-шаралар Алматының туристік тартымдылығын арттырып, қаланың әлемдік гастрольдер картасындағы маңызды нүкте ретіндегі мәртебесін нығайтады", - дейді әкімдіктен.
Бұған дейін әлемдік жұлдыздың Астанадағы шоуына 15 мың турист келгені хабарланған. Алдын ала болжам бойынша, ел экономикасына 6,5 млрд теңге табыс әкеліп, 400 млн теңге салық түсуі тиіс болған. Сондай-ақ сайтымызда "Белсенділер үдере көтерілді". Алматыдағы Джей Лоның концерті өтпей қалуы мүмкін бе?" деген материал жарияланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар