Қазіргі таңда цифрландыру кез келген саланың жұмысын жетілдіріп жатыр. Бұл ретте Қазақстан цифрлық жүйелерді кеңінен енгізіп, Орталық Азия елдері арасында көшбасшы елге айналды десек, артық айтқандық болмас еді. Осы ретте Dalanews.kz ақпараттық агенттігінің тілшілері еліміздің денсаулық сақтау саласын цифрландыру ісіне талдау жасаған еді. Енді соған назар аударыңыздар.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың таратқан мәліметінше, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында 17 мемлекеттік және 20 жекеменшік ақпараттық жүйе жұмыс істейді.
Халық пен билікті бүгінгі таңда денсаулық сақтау мекемелеріндегі ұзын-сонар кезек қатты алаңдататыны жасырын емес. Бір дәрігердің қабылдауында сағаттап кезекте тұратынымыз да белгілі. Кеңес заманынан келе жатқан бұл мәселені цифрландырудың көмегімен шешудің маңызы зор.
Өз кезегінде вице-министр Ербол Дүйсебайұлы да жұрттың дәрігердің қабылдауында кезек күтіп, уақытын текке өткізетін мәселесінің бар екенін мойындады. Ол бұл мәселені дәрігер мамандардың жүктемесінің жоғары болуымен түсіндірді.
– Иә, жасыратыны жоқ. Қазір кейбір емханаларға барсаңыз, дәрігердің қабылдауына кіру үшін топтасып кезек күтіп отырған азаматтарды көруге болады. Осы ретте дәрігерлер кейбір пациенттерге 20-30 минутқа дейін қызмет көрсетуіне тура келетінін біреу білсе, біреу білмейді. Сол кезде кезек пайда болады. Мұндай жағдайда медицина мамандарының жұмысын тиісті деңгейде түсінбейтін азаматтар «бір адамды неге осыншама уақыт қабылдайды?» деп ренішін білдіріп жатады. Осындай кезде дәрігерлердің кейбір пациенттерге көп уақыт бөлгеніне түсіністікпен қарау керек. Өйткені медицина мамандары әрбір адамға сапалы қызмет көрсетуді өзінің азаматтық борышы санайды. Мұндай жағдайларда азаматтардың ұстамды болуы маңызды, – дейді вице-министр.
Сөз жоқ, медицина мекемелеріндегі кезек мәселесі халық үшін өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін кешенді тәсіл қажет, өйткені ол бірнеше факторға байланысты болуы мүмкін. Бүгінде мамандардың тапшылығы, медициналық қызметке сұраныстың артуы, инфрақұрылымның жетіспеушілігі және басқару жүйесіндегі кемшіліктер емдеу мекемелеріндегі кезектің пайда болуына тікелей ықпал етіп отырғаны анық.
Дәрігерлердің кез келген адамға сапалы қызмет көрсетуі үшін уақыт керек екені анық, бірақ оны көпшілік жете түсінбейді. Көптеген дау-шар осындай кезде туындап жататыны жасырын емес. Дәрігерлердің алдына келген науқастардың бәрі бірдей емес. Көптеген адамдар өздерінің денсаулығына салғырт қарап, жаны мұрнының ұшына тақалғанда ғана дәрігердің алдына баратынын ескерсек, мұндай жағдайда дәрігердің жұмысы да күрделене түсетінін естен шығармаған абзал. Сондықтан ерте бастан қаралып, тексеруден өтіп тұратын болсақ, емхана жағалап, дәрігердің қабылдауында кезек күтіп, сағаттап отырмайтынымыз анық.
– Бүгінде денсаулық сақтау саласы қызметінің жұмысын алдын ала жоспарлау өте қиын болып тұр. Бірақ біздің министрлік қол қусырып қарап отырған жоқ. Халыққа сапалы қызмет көрсетуге бар күш-жігерімізді салып жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды жетілдіруге цифрландыру саласы барынша пайдасын тигізіп отырғанын айтуға тиіспін. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласы бойынша туындаған алты бағытты анықтап, бұл бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан жайымыз бар, – деді Ербол Дүйсебайұлы.
Иә, айтары жоқ, кез келген сала кемшіліксіз болмайды. Бірақ оны дабыра қылып, дәрігерлердің еңбегін іске алғысыз қылуға қажеті жоқ. Қазір технологиялар күн өткен сайын даму үстінде. Мұндай қарқынды даму денсаулық сақтау саласына да заман сай өз талаптарын қойып отыр.
Әңгіме барысында вице-министрге Dalanews.kz тілшілері денсаулық сақтау саласы қызметін жетілдіруді көздейтін бағыттарды атап беруін өтіндік.
– Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында ұдайы зерттеулер жүргізіп, қай бағытта даму керектігін ізденіп отырады. Енді өздеріңіз сұраған бағыттарға тоқталсам.
Бірінші бағыт Денсаулық сақтау саласының ресурстарын басқару жүйесін дамыту, екінші – медициналық ақпараттық жүйелерді өркендету, үшінші – медицина саласы бойынша біртұтас мәліметтер қорын қалыптастыру, төртінші – біртұтас медкөмектің ақысын төлеуі ісін жетілдіру, бесінші –ақпараттық жүйелерді интегерциялау, соңғы алтыншы денсаулық сақтау порталын жітілдіру. Осы алты бағытқа жіктелген жұмысты барынша жүйелеп, дамытатын болсақ, елімізде медициналық қызметтің сапасы артатын болады, – дейді вице-министр.
Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты 7 реестрді заман талабына сай цифрландыру ісі қолға алынып жатыр екен. Бүгінде ҚР Денсаулық сақтай министрлігі өздерінің 7 реестрінің төртеуі ғана цифрландырылған. Өз кезегінде Ербол Дүйсебайұлы осы цифрлық форматқа көшірілген реестрлердің өзін жетілдіру керек болып тұрғанын жасырмай айтты. Денсаулық сақтау саласының қызметін цифрландырудың қаншалықты маңызды екенін жұртшылыққа түсінікті болуы үшін ол жайында қысқаша айта кетсек.
Біріншіден – еліміздегі денсаулық сақтау ұйымдарының реестрін жасау маңызды болып тұр. Бүгінде елімізде қанша медициналық ұйымдар бар, олар ел азаматтарына қандай медициналық қызметте рді көрсетеді, оның сапасы қандай деген сұрақтарға жауап беру үшін осы бағытта арнайы реестр түзудің маңзы зор. Егер осындай сапалы тізім пайда болса, медицина саласындағы көптеген мәселелерді дер кезінде шешуге болады. Халық үйде отырып осы сұрақтарға толықтай жауап алатын деңгейге жетуі керек. Егер осындай реестр пайда болып, ол күн сайын жаңарып отырса, денсаулық сақтау ұйымдары арасында бәсеке қалыптасып, медицналық қызметтің сапасы жақсара түсер еді.
Екінші – денсаулық сақтау саласы кадрларының реестрін қалыптастыру. Бұл реестрге министрлік елімізде қанша медицина қызметкерлері жұмыс істейтіні және олардың сертификаттары мен жұмыс өтіліне қатысты ақпараттарды топтастыруды көздеп отыр екен.
Үшіншіден – еліміздегі медициналық техникалар мен жабдықтардың реестрін қалыптастыруды көзделуде. Бұл – тізімде медициналық жабдықтардың жай-күйі және оларға ұдайы мониторинг жасап тұру ойласытырылған.
Төртінші – денсаулық сақтау саласына қарасты ғимараттарының реестрі. Мұнда емдеу мекемелерінің жағдайын саралап, нысандардың заман талабына сай сапалы медициналық қызмет көрсетуін ұдайы бақылап отыруға мүмкіндік туады.
Бесінші – медициналық қызметті берілген лицензиялар мен сертификаттардың реестрін қалыптастыруда қазіргі таңда өзекті болып тұрғанын атап айтуымыз керек. Кезінде мұндай рұқсат беру қағаздары оңды-солды таратылғаны білеміз. Мұндай жайсыз жағдайларды жалғыз медицина саласы емес, барлық сала бастан өткірді. Ал адам өміріне жауапты денсаулық сақтау саласында лицензия беру ісіне тиісті талаптар қойылуы керек. Өйткені, адам өмірімін ойнауға болмайды.
Жекеменшік клиникаларға рұқсат қағаздарын беру ісіне өмірін мидицина саласына арнаған білікті мамандарды да тартудың маңызы зор деп есептейміз. Бүгінде бұл істі басы-бүтін министрлікке де тапсыра салуға болмайды. Лицензия мен түрлі рұқсат қағаздарын беретін топтың құрамында тәуелсіз білікті мамандар болуы тиіс. Сол кезде бұра тарту болмайды. ҚР Денсаулық сақтау вице-министірі Ербол Оспанов Dalanews.kz ақпараттық агенттігіне түсініктеме бергенде бұл іске тәуелсіз сарапшыларды араластыру міндеттелгенін алға тартты.
Әңгіме арасында вице-министр денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйелердің өзін д ежетілдіру керектігін айтып қалды. Енді осы мәселеге аз-кем тоқтала кетсек.
Қазіргі таңда елімізде дәрігерлердің қабылдауына кезекке тұру ісін біршама цифрланған. Бірақ оның өзі тиісті деңгейде жұмыс істемейтіні жасырын емес. Мамандардың жетімсіздігінен кейбір дәрігерлердің қабылдауына ай бұрын жазылуыңа тура келеді. Салаға жауапты ведмоства алдағы уақытта кезектің бұлайша ас ішектей созылып кетуін реттеуге тас-түйін бекініп отыр. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіндегі ақпарттық жүйелерге тек қана дәрігерелерден бөлек қарапайым халықтың да қол жетімділігін арттырудың маңызы зор. Көпшілік өздерін мазалаған қарапайым сұрақтарын ақпараттық жүйелерге жазып, емдеу мекемедеріне бармай-ақ жауап алатын деңгейге жетсе құба-құп болар еді.
Кез келген ақпараттық жүйенің жұмысы жүре келе жақсаратыны белгілі. Мұны вице-министр Ербол Оспановтың өзі де мойындады. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің сағат секілді сартылдап жұмыс істеуі үшін дәрігерлер де мүдделі болуы керек.
Егер жүйеден қандайда бір кемшілік, қателік кетіп жатса, дәрігерлер өздерінің ұсынысын айтуы керек. Тіпті, ақпараттық жүйеге шыққан кейбір ақпараттарда қателік болса, платформада отырған медицина қызметкерлерінің өзі әлгі қателікті түзетіп жіберетіндей мүмкіндікті қарастырған жөн.
Әңгіме арасында вице-министр еліміздің денсаулық сақтау саласында бірнеше ақпараттық платформа бар екенін айта келе, бүгінде олармен медицина қызметкерлері жұмыс істеп отырғанын жеткізді.
– Қазір дәрігерлер бірінеше ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді. Әңгіме арасында осы жүйелердің өзінде біраз кемшіліктер бар екенін айттым ғой. Жасыратыны жоқ, қазір дәрігерлер күні бойы осы жүйелермен жұмыс істеп, біраз уақытын текке кетіруде. Осының кесірінен дәрігерлер кейбір панциенттерді 20-30 минутқа дейін қабылдауға мәжбүр. Біздер дәрігерлердің уақытын тиімді пайдалану үшін ақпараттық жүйелерді бір-бірімен интеграциялап олардың жұмысын жетілдіруге айрықша көңіл бөліп отырмыз. Келешекте министрлік дәрігерлердің кейбір науқастарды онлайн режимде қабылдап, қызмет көрсету жағын қарастыратын болды. Қазіргідей цифрланған заманда жұрттың бәрін емхана жинаудың қажеті жоқ.
Бұдан басқа алдағы уақытта денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелердің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету де маңызды іс болып тұр. Ақпараттық жүйлердің мінсіз жұмыс істеуі үшін барлық емдеу мекемелері сапалы интернетпен қамтылуы маңызы. Болашақта ауыл мен қалада жұмыс істейтін медицина қызметкерлері ақпараттық жүйелердің көмегемін халыққа сапалы қызмет көрсетуіне барынша жағдай жасаймыз.
Қазіргі дамыған заманда денсаулық сақтау саласының қызметі сан салаға тармақталғанын бәріміз білеміз. Тек адам емдеумен шектелмейді. Қандайда бір кәсіпкерлікпен айналысып, жұмысқа тұру үшін медициналық анықтама қағаздары қажет. Онсыз жұмыс тұрып, кәсіп бастай алмайсыз. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мырза цифрландырудың көмегімен бұл бағыттағы жұмыстарды жанданруды көздеп отырғандарын алға тартты.
– Күнделікті өмірде көп талап етілетін медициналық анықтамалар мен түрлі құжаттар бар. Алдағы уақытта осындай анықтама қағаздарының бәрін цифрлы форматқа көшіріп, ел азаматтарының оны кеңседе отырып-ақ алатын мүмкіндік туғызуды жоспарлап отырмыз. Біздер денсаулық сақтау саласының жұмысын тежегіш болып отырған жайттарды мұқият саралғанда осындай медициналық анықтама қазғаздарын беру ісі жұмысымызға біршама кедергі келтіріп отырғанын байқадық. Содан кейін, бұл бағыттағы жұмыстарды толықтай цифрлы форматқа көшірудің маңызы зор екеніне көзіміз жетіп отыр. Егер осы жұмыстарды цифрлы форматқа көшірсек, жемқорлықтың да жолын кесуге болады, – дейді Ербол Дүйсембайұлы.
Бүгінде дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, біраз дауға тамызық болып жататыны жасырын емес. Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың есебі мен қозғалысын цифрлы форматқа көшіріп, ерекше бақылауға алуға мән беріп отыр.
Егер министрлік дәрі мен медициналық бұйымдардың жұмысын қатаң қадағалап, тиісті мониторинг жүргізетін болса, денсаулық сақтау саласының қызметі бірнеше сатыға көтерілері анық.
Қазіргі таңда ел азаматтары қандайда бір медициналық мекемеден өзіне қажетті дәрілерін ара алмай, ақыр соңында әлеуметтік желіге өкпе-ренішін жазып жүргенін білеміз. Әлгі жазбаны мыңдаған адам оқығаннан кейін халықтың медицина саласына деген сенімі азаятыны анық. Осындай жайттардың алдын алу үшін дәрілік заттардың есебі мен қозғалысын цифрлы форматқа көшірсек қай өңір, қай аудан, қай емханаға қандай дәрінің қажет екенін дәл анықтауға болады. Тіпті, бұл жүйені науқастың өзі де бақылап отыратын мүмкіндік болса, халық медицина қызметкерлеріне әлеуметтік желі арқылы өкпе айтуын тоқтатар еді. Осы тұрғыдан алғанда дәрі-дәрмекті халыққа жеткізу ісін цифрландыру ісіне маңызы зор екенін кімде болса түсінеді.
Сол сияқты медициналық жабдықтарға цифрлық бақылауды күшейтіп, мониторинг жүргізсек, құрылғылар халық игілігі үшін тиімді жұмыс істейтіні анық. Кейбір ақпарат құралдарынан медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде оның бағасын шамадан тыс өсіріп, жемқорлыққа шатылыпты деген әңгімені ара-тұра құлағымыз шалып қалатыны жасырын емес.
Егер де медицналық бұйымдар мен дәрілік заттарды сатып алудан бастап, оны пайдалануға дейінгі аралыққа цифрлық бақылау жасасақ, мұндай келеңсіз жағдайдың бірі де бірі болмайды. Сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттар мен медицналық бұйымдардың есебі мен жұмысын цифрлық жүйеге көшіру ісін қос қолымызды көтеріп тұрып қолдаймыз.
Сөз соңында Ербол Оспанов мырза қыркүйек айыннан бастап ел азаматтарының бірыңғай цифрлы медициналық деректер базасын құру ісі қолға алынғанын жеткізді. Алдағы уақытта азаматтардың медициналық деректер базасы құрылса, денсаулық сақтау саласының жұмысын дұрыс жоспарлауға жол ашылар еді. Бұл турасында вице-министр ойын былайша сабақтады:
– Қыркүейек айынан бастап барлық медициналық деректерді бір жүйеге жинайтын база құруға кірістік. Қазіргі таңда мемлекеттік қаржыландыру арқылы жұмыс істейтін клиникалар мен емдеу мекемелері жұмыстары мен пациенттері жайындағы ақпараттарды министрлікке жіберіп отырады. Өкінішке орай, осыған дейін еліміздегі жекеменшік ауруханаларда жинақталған медициналық дерекқорлары ортақ базадан тыс қалып келген еді. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, еліміздегі барлық медициналық дерекқорларын бір платформаға жинауға кірістік. Бір елде тұрып, медициналық дерекқорлары екі бөлек жиналуы дұрыс емес. Алдағы уақытта бұл дерекқорлары кешенді медициналық статистиканы қалыптастырып, денсаулық сақтау саласы жұмысын дұрыс жоспарлауға септеседі. Осылайша әрбір азамат өздерінің жеке кабинетінде өзіне қажетті медициналық ақпаратқа онлайн режимде қол жеткізетін мүмкіндікке ие болады.
Мәселен, бір азамат үйінің жанындағы мемлекеттік ауруханаға барып емделіп, дәрігер оның ауыруына қатысты мәліметтердің бәрін ақпараттық жүйесіне түсіріп алады. Арада екі-үш айт өткеннен кейін әлгі азамат жұмыс бабымен жүріп басы ауырып, балтыры сыздай қалса, басқа қаладағы жекеменшік емханаға баруы мүмкін. Бұдан кейін жекеменшік емханада жұмыс істейтін дәрігер науқасты жан-жақты тексеріп, өзінше емдейтіні анық. Емдеу барысында науқастың ауруына қатысты деректердің өздерінің ақпараттық жүйелеріне түсіріп алады.
Егер жекеменшік аурухананың дәрігері, осыған дейін мемлекеттік емханда сақталған науқастың медициналық дерекқорларына қолы жетімді болса, науқасқа тез әрі тиімді көмектескен болар еді. Осыдан кейін ел арасында «мына дәрігер жақсы қарайды, анау дым білмейді» деген әңгіме шығады. Кезінде адамдар қай емханаға барса да, дертінің тарихы жазылған медкітапшаны өзімен бірге алып жүретін-ді Қазір заман талабына сай сол медкітапша электронды форматқа көшті. Оны кез келген дәрігер базадан қарап, науқастың дертінің тарихын білуі маңызды. Сол кезде дәрігерлер дұрыс диагноз қойып, дұрыс шешім қыбылдайды, – дейді Ербол Дүйсебайұлы.
Рас, қазір ортақ ақпараттық жүйенің жоқ болғандықтан денсаулық сақтау саласының жұмысы ақсап тұрғаны жасырын емес. Егер таяу болашақта Денсаулық сақтау министрлігінің саланы цифрландыру бойынша қолға алған жұмыстары толықтай іске асатын болса, көптеген кемшіліктер жойылатыны сөзсіз. Бүгінде елімізде көптеген салалар цифрландырудың нәтижесін көріп отыр. Мұндай игілікті істен денсаулық сақтау саласы да тыс қалмауы керек.