Дастан Сәтбаевтың голы Sydney Super Cup рейтингінде көш бастады

Дастан Сәтбаевтың голы Sydney Super Cup рейтингінде көш бастады
Фото: qazsporttv.kz

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың Sydney Super Cup турниріндегі голы ең үздік деп танылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Австралияның A-Leagues ұйымы Sydney Super Cup аясында соғылған ең әдемі алты голдың рейтингін жариялап, тізімнің бірінші орнына «Челси» шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың добын қойды. 

17 жастағы қазақстандық футболшы "Вестерн Сидней Уондерерске" қарсы кездесудің алғашқы минуттарында қорғаушылардың арасынан сытылып шығып, қақпашыны дәл соққымен қапы қалдырып, есеп ашқан болатын.

Тартысқа толы матчта "Челси" қарсыласын 6:4 есебімен жеңді. Сәтбаев бұл ойында тек гол соғып қана қоймай, лондондық клубтың екінші нәтижелі шабуылының басталуына да үлес қосты.