Даниал Ахметов: "Зайсандағы 42 Қытай азаматын үйіне қайтарамыз" (видео)

Dalanews 20 ақп. 2020 11:57 786

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданы тұрғындарының талабына құлақ асып аудандағы қытай жұмысшылары еңбек ететін компанияға барды деп хабарлайды Dalanews.kz.




Тұрғындардың талап-арызын мұқият тыңдаған Ахметов қытай жұмысшыларын еліне қайтаруға уәде етті. 

"Маған аздаған уақыт беріңіздер. Бұл халықаралық қатынастың мәселесі. Қазір бұл жайында Мемлекет басшысымен сөйлесіп, шешім қабылдаймыз. Оларды (қытай азаматтарын айтады ред.) қай уақытта Қытайға жөнелтерімізді анықтайтын боламыз. Барлық 42 адам үйіне қайтады", – деді ол. 


Бұл 42 азамат Зайсанға қауіпті індет пайда болмай тұра келген.

Айта кетелік бұған дейін әлеуметтік желіде “қауіпті індет жұқтырған қытай азаматтары Зайсанға жеткізіліп, жергілікті ауруханаға жатқызылды” деген қауесет тараған. Мұны естіген Сартерек және Айнабұлақ ауылының халқы көшеге шығып, жергілікті әкімдіктен мән-жайды түсіндіруді және шекараны жабуды талап еткен. 

Бұл мәліметті облыс әкімдігі жоққа шығарды. 

Күршім ауданына жоспарланған сапарын кейінге шегерген өңір басшысы шекарадағы ахуалға алаңдаған Зайсан ауданының тұрғындарымен кездесіп, шекараны бірде-бір шетелдік кесіп өтпейтінін айтты. 


“Қытаймен арадағы шекара жабық. Барлығыңызды сабырға шақырамын. Қытайдан келген бес адам өз азаматымыз. Студент жастар. Біз оларды шекараны ашпай, шеттетіп жібергеніміз дұрыс болар ма еді? Олар бірден карантинге жабылады, өзгелерден оқшауланады", – деді Ахметов.

 

https://youtu.be/C5lAjc0sD4E

Толығырақ:


https://dalanews.kz/50615


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар