Даниал Ахметов полиция қызметкерлеріне жаңа көліктердің кілтін табыс етті

Dalanews 23 мау. 2017 06:20 1581

Қазақстандық полиция күні қарсаңында Семей қаласының ІІБ Затон бөлімшесі жаңа ғимаратқа қоныстанды. Құқық қорғаушылардың қоныс тойына қатысқан ШҚО әкімі полиция қызметкерлеріне қызметтік көліктердің кілтін табыс етті.

Осыған дейін Затон полиция бөлімшесі, тозығы жеткен ескі ғимаратта орналасқан болатын. Қылмыстың алдын алу, заң бұзушылықтарды болдырмау жолында еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлері заман талабына сай жұмыс істеуі үшін олардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру маңызды. Осы орайда, бөлімшенің жаңа ғимараты замауи құрылғылармен толық жабдықталды.

–  Атқарылып отырған бүгінгі іс-шара қаладағы құқық қорғау саласындағы жағдайды жақсартуға септігін тигізетініне сенім мол. Алдағы уақытты құқық бұзушылықтың алдын алу мен тәртіп орнатуда нәтижелі жұмыс күтеміз. Сіздер тек қала тұрғындары мен туған- туыстарыңызды ғана емес, Отанымыздың тыныштығын да қорғап жүрсіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, бұл күні мемлекеттің құқық қорғау органдары қызметінің сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар аясында бөлімшенің  автокөліктер паркі жаңа 51 қызметтік автокөлікпен толықтырылды.

– Облыс әкімі мен департамент басшылығының арқасында біз жүз процент техникамен қамтамасыз етілдік. Біздің қызметкерлер барлық құқық бұзушылыққа уақытында әрекет етіп, тәртіпті бақылайтын болады, – деп Семей қаласының ішкі істер басқармасының басшысы Ақылқан Қасқабаев аймақ басшысына алғысын білдіріп, мойына артылған барлық міндеттерді абыроймен атқаруға уәде берді.



 

ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар