ШҚО әкімі Риддерде 18 жасар жігіттің өліміне әкеліп соқтырған жол апатына қатысты пікір білдірді. Апат барысында жеңіл көлікте Қуат Тумабаев болған.
Даниал Ахметов кеңейтілген отырыста жаңа қала әкімін тағайындау туралы сөз қозғады. Ол Тумабаевтың өз еркімен отставкаға арыз жазуы керектігін айтып, жаңа әкімнің келетініне сенімін білдірді.
«Менің ойымша әкім Қуат Тумабаев моральдық тұрғыдан жоғары лауазым иеленуге лайықты емес. Мен оған өз еркімен арыз жазып, орнынан кету туралы ұсыныс жасадым. Жақын арада жаңа әкіммен кездесеміз деген ойдамын», - деп айтты ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметов.
Айта кетейік, Риддер әкімінің бұрынғы орынбасары жасағн қылмысы үшін бір жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Прокурор соттың бұл шешімімен келіспей, бес жыл абақтыға қамауды сұрады. Дегенмен сот шешімі өзгеріссіз қалды. Қайтыс болған баланың ата-анасы әкім орынбасарына кешірім берді.