Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов кассациялық сатыда өзін толық ақтауды сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның адвокаты бірінші және апелляциялық соттардың үкімдерін жоюды талап етіп, Байжановтың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар қорғаушы Күлдеева жаза мерзімін жеңілдетуді де өтінген. Қазіргі уақытта іс кассациялық сотта қаралып жатыр.
Айта кетейік, Бақытжан Байжанов – бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың бауыры. Ол Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасырды деп танылып, 2024 жылы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Бұған дейін 4 жылға сотталған Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалған еді. Себебі Степногорск қалалық соты Бахытжан Байжановтың амнистияға ілігу туралы өтінішін қанағаттандырды. Ол бұл өтінішін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жазған.
Бірақ қашан бостандыққа шығатыны белгісіз.
