Байжановқа рақымшылық жасалды

Сағыныш Сардарова 22 там. 2025 16:46

4 жылға сотталған Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған. БақытжанБайжанов қашан бостандыққа шығатыны нақты айтылмаған.

"Астана полициясының ақпаратына сәйкес Бақытжан Байжанов 2023 жылдың 12 қарашасында қамауға алынған. Сол уақыттан 2024 жылдың шілдесіне дейін ол тергеу изоляторында отырды. Изолятордағы бір күн түзеу мекемесіндегі 1,5 күнге есептеледі. Рақымшылық кезінде Байжановтың мерзімі шамамен 8 айға қысқаруы мүмкін. Осылайша, алдын ала есептеуіміз бойынша, Қуандық Бишімбаевтың інісі 2026 жылдың қазанында бостандыққа шығуы ықтимал", - деп жазылған Tengrinews.kz мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін Степногорск қалалық соты Бахытжан Байжановтың амнистияға ілігу туралы өтінішін қанағаттандырды. Ол бұл өтінішін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жазған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар