Алматы қаласының Медеу ауданындағы екі көпқабатты ғимаратқа ие "Сайхан" жылжымайтын мүліктің акционерлік инвестициялық қоры" АҚ Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жиналысында 2025 жылдың І-тоқсанында 61,2 млн теңге дивиденд төлеуді ұсынды. Бұл қордың түпкі тең қожайындарының бірі премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Сауат Мыңбаев болып табылады, деп хабарлайды Dalanews.kz Kursiv.media-ға сілтеме жасап.
"Қоғам акционерлеріне бір жай акция үшін 180 теңгеден 2025 жылдың І-тоқсанында 61 200 000 теңге мөлшерінде дивидендтер бөлу ұсынылсын. 2025 жылы 13 қазанда қоғам акционерлерін кезектен тыс жиналысқа шақыруға бастамашылық жасалсын", делінген қордың директорлар кеңесі қабылдаған шешімде.
Сондай-ақ акционерлерге қордың 2025 жылдың І-тоқсанындағы қаржылық есебін алдын ала бекіту ұсынылды.
"Сайхан" жылжымайтын мүліктің акционерлік инвестициялық қоры Алматы қаласының Медеу ауданында тіркелген. Қор ақшаны жылжымайтын мүлікке және басқа да мүліктер төңірегінде жинақтап, инвестициялайды. Қордың инвестициялық қорыжынымен 2022 жылғы 7 сәуірдегі Ұлттық Банктің берген лицензиясына ие UD Capital басқарушы компаниясы айналысады. Қор акцияларының 75%-ы, 2024 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, "ПОЗИТИВ Консалтинг" ЖШС-ға (оның тең иелері Нұржан Бекшенов пен Василий Симачев), 25%-ы "AQPAN ASSET" ЖШС-ға ("ПИК" ЖШС (Сауат Мыңбаев) мен Дамир Сауатұлы Мыңбаев) тиесілі.
Қордың акционерлік капиталы 2024 жылдың соңында 340 млн теңгені құрады. Қордың есебінде АҚ қызметін Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғалары: Н.Бекшенов, В.Симачев, С.Қалиев, С.Мыңбаевтың бақылайтыны көрсетілген.
Қордың қордаланған пайдасы 2024 жылдың аяғында 520 млн теңгеден 579,1 млн теңгеге дейін ұлғайды. Қордың пайдасы 2024 жылы 273,9 млн теңгені (232,5 млн теңге) немесе бір жай акцияға 805,55 теңгені (683,71 теңге) құрады. 2024 жылы қор үш рет дивидендтер есептеп, төледі: 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта 22 қаңтарда 74,1 млн теңге, 2023 жылғы 27 мамырда 81,6 млн теңге, 21 қазанда – 59,2 млн теңге.
Есепке сәйкес, қордыңі Алматыдағы Гоголь көшесіндегі 12 қабатты және үш қабатты ғимараттары, олардың астындағы екі жер учаскесі, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станция сипатында инвестициялық жылжымайтын мүлігі бар.
Сауат Мыңбаев Үкіметте, квазимемлекеттік секторда және жеке секторда түрлі басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, ол 1998 жылы қаржы министрі, 1999 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, 1999-2001 жылдары ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 2003 жылғы маусымда "Қазақстанның Даму банкінің" президенті және "Каспий өнеркәсіптік қаржылық тобының" басшысы болып жұмыс істегеннен кейін ол 2004 жылы вице-премьер, Индустрия және сауда министрі болды. 2006 жылғы ақпанда Мыңбаев "Самұрық" холдингін басқарды (кейін ол "Қазынамен" бірікті), 2007 жылы энергетика және минералдық ресурстар министрі, 2010 жылы мұнай және газ министрі, 2013 жылы "ҚазМұнайГаз" Басқармасының төрағасы, 2018 жылы "Қазақстан темір жолы" басқармасының төрағасы болды. Осы қызметтен кеткеннен кейін ол ресми лауазымдарға тағайындалған жоқ.
Бұған дейін Kaspi Bank акционерлерінің жалпы жиналысында өткен жылдың қорытындысы бойынша 2024 жылға үшінші рет дивиденд төлеу туралы шешім қабылдағанын жазғанбыз. Осылайша банк акционерлері бір қарапайым және бір артықшылыққа ие акция үшін 4 900 теңге алатын болды. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша, бүгіндері 18,3 млн жай және 372 мың артықшылыққа ие акциялар айналымда жүр.