Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылы 19 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 503,61 теңгені құрап, бірден 5,21 теңгеге көтерілді, деп жазады Dalanews.kz.
Қытай юаны да 68,79 теңгеге (+0,45) дейін өсті.
Ақша айырбастау орындарында осы уақытта 1 АҚШ доллары 504-510 теңге, евро 524-530 теңге, рубль 5,35-5,47 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бүгін, 19 ақпанда тағы аздап өсті.
ICE Futures электронды биржасындағы сауда-саттықта сәуір фьючерстеріндегі Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,69%-ға, яғни 76,36 долларға дейін өсті.
NYMEX электронды биржасының сауда-саттығында сәуір фьючерстеріндегі WTI маркалы мұнайының бір баррелі 0,74%-ға, яғни 72,36 долларға дейін қымбаттады.
Ал бүгін таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының бағамы 497,89 теңге болған еді.