Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 6 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 495,95 теңгені құрап, бір тәулікте тағы 0,71 теңгеге аздап арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы осымен үшінші күн қатарынан құлдырауда.
ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,13%-ға төмендеп, 1 баррелі 69,21 долларды құрады.
NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,5%-ға арзандап, 1 баррелі 66,28 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 496,71 теңге болған еді.
6 наурызда ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары төмендегідей:
Астана
- 1 АҚШ доллары: сату – 494 теңге, сатып алу – 500 теңге.
- 1 евро: сату – 527 теңге, сатып алу – 534 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу - 5,7 теңге.
Алматы
- 1 АҚШ доллары: сату - 495,9 теңге, сатып алу – 498,9 теңге.
- 1 евро: сату – 528,5 теңге, сатып алу – 534,5 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,45 теңге, сатып алу - 5,59 теңге.
Шымкент
- 1 АҚШ доллары: сату – 495 теңге, сатып алу – 498 теңге.
- 1 евро: сату – 528 теңге, сатып алу – 537 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу - 5,7 теңге.
Айта кетсек, осы айда теңгеге шаққанда америкалық валюта бағамы 17 ақпанда ең төменгі шегін игерген еді. Ол кезде 1 АҚШ доллары 495,28 теңге болды. Сондай-ақ бұған дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының 2025 жылғы сәуір айына, сондай-ақ жыл соңында 1 АҚШ доллары құнына қатысты болжамын жариялаған болатынбыз.