Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 24 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 502,89 теңгені құрап, бір тәулікте тағы 0,33 теңгеге арзандады, деп жазады Dalanews.kz.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 24 ақпанда, керісінше тағы да арзандады.
ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,11%-ға төмендеп, 1 баррелі 73,97 долларды құрады.
NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,20%-ға арзандап, 1 баррелі 70,26 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 502,47 теңге болған.
24 ақпандағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары төмендегідей:
Астана
- 1 АҚШ доллары: сату – 504 теңге, сатып алу – 510 теңге.
- 1 евро: сату – 523 теңге, сатып алу – 530 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,54 теңге, сатып алу - 5,69 теңге.
Алматы
- 1 АҚШ доллары: сату - 503 теңге, сатып алу – 506 теңге.
- 1 евро: сату – 527,5 теңге, сатып алу – 532,5 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,51 теңге, сатып алу - 5,65 теңге.
Шымкент
- 1 АҚШ доллары: сату – 503 теңге, сатып алу – 506 теңге.
- 1 евро: сату – 527 теңге, сатып алу – 533 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу - 5,7 теңге.
Бұған дейін сайтымызда "Сарапшы 2025 жылдағы доллар бағамының ықтимал үш сценариін ұсынды" деген мақала жарияланған болатын. Оған сәйкес, сарапшы 2025 жылы базалық сценарий бойынша 1 АҚШ долларының бағамы 485-490 теңге, жыл соңында 520 теңге, ал оптимистік сценариде 465-470 теңге, жыл соңында 510-515 теңге, негативті сценарий бойынша 570 теңге болуы мүмкін екенін болжайды.