БПЛА шабуылынан кейін КТК терминалындағы мұнай тиеу жұмысы тоқтады

БПЛА шабуылынан кейін КТК терминалындағы мұнай тиеу жұмысы тоқтады
pixabay.com

Каспий құбыр консорциумының екі теңіздегі айлақ құрылғысында мұнай тиеу жұмыстары ұшқышсыз ұшу аппаратына қатысты оқиғадан кейін уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

«2026 жылғы 8 қыркүйекте КТК терминалына жақын жерде ұшқышсыз ұшу аппаратына қатысты оқиға болды. Осыған байланысты ВПУ-3 және ВПУ-2 айлақ құрылғыларында тиеу жұмыстары тоқтатылды. КТК-ның жүк жүйелері мен танкерлердің жағдайына қажетті тексеру жүргізілгеннен кейін мұнай тиеу жұмыстарын жалғастыруға әсер ететін ескертулер анықталған жоқ. Қоршаған ортаға әсер ету фактілері тіркелмеді», – деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін терминалдағы мұнай тиеу операциялары штаттық режимде қайта басталды. Қазақстандық мұнай жөнелтушілерден мұнай қабылдауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ.

БАҚ мәліметінше, шабуыл кезінде қазақстандық мұнай тиелген Seaviolet танкері зақымданған. Кеме ВПУ-3 маңында болып, Теңіз кен орнынан мұнай тиеген. Зақым көлемі аз болған. Тиеу жұмыстары аяқталғаннан кейін танкер порттан кеткен.