Бозымбаев эффектісі: Қазақстан энергокешенін түгел жаңалауда

Dalanews.kz 08 сәу. 2026 12:16

Қазақстан энергокешенін түгел жаңалауда, деп хабарлайды DALA INSIDE.

Тіпті соңғы 12 айда үлкен өзгерістер орын алған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын тұтыну көлемі 3,8 пайызға өсіп, 124,6 млрд кВт·саға қа жетті. Ал өндіру 4,4 пайызға өсіп, 123,1 млрд кВт·сағат болған. Үкімет 2025 жылғы электр тапшылығын шамамен 1,5 млрд кВт·сағат деп бағалады. 

Қазақстан алдымен осы тапшылықты жою, болашақтың сенімді энергетикалық базасын қалыптастыруды өте қарқынды жүргізуде. Бұған дейін "Ескі Қазақстан" олигархтары тозығы жеткен кеңестік энергонысандардың базасын еш модернизация жасамай, шірігенше пайдаланып келген еді. Енді бұл мафияның барлығы жойылып, жаңа Үкімет таза қазақстандық энергобаза құруды қолға алды. Осы ретте вице-премьер Қанат Бозымбаевтың стратегиялық шешімдері мен іскерлігін атап өту керек.


Алдымен 2026–2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бекітілді. Онда 2030 жылға дейін 7,8 ГВт қуатты іске қосу және жаңарту жоспарланғаны көрсетілген. Оның ішінде 8 жаңа станция салу және 11 қолданыстағы станцияны жаңғырту қарастырылған. Жалпы инвестиция көлемі кемінде 7,5 трлн теңге деп бағаланып отыр, қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат, яғни инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылмақ. Бүгінгі Үкімет отырысында «таза көмір» технологияларын енгізу, станциялар бойынша жол карталарын әзірлеу, сондай-ақ көмір химиясын мемлекеттік қолдау шараларын және «Бәйтерек» холдингі арқылы қаржыландыру тетіктерін пысықтау қажеттігі атап өтілді.

Екінші жүйелік блок - электр желілері мен диспетчерлеу. Ұлттық оператор болып табылатын «KEGOC» АҚ Оңтүстік аймақты күшейту және Батыс аймақты Бірыңғай энергетикалық жүйемен біріктіру жобалары бойынша ілгерілеудің жедел қарқынын тіркеп отыр. Жобалардың құны Оңтүстік бойынша 154 млрд теңгені, Батыс бойынша 202 млрд теңгені құрады. Батыс жобасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен және Қазақстанның Даму банкімен несиелік келісімдер көрсетілген.

Үшінші блок — жаңартылатын энергия көздері мен энергия жинақтау жүйелеріне жеке капитал мен халықаралық жобалық қаржыландыруды тарту. Еуропалық қайта құру және даму банкі Жамбыл облысында (Мирный аумағында) қуаты 1 ГВт жел электр станциясы және 300 МВт/600 МВт·сағат аккумуляторлық сақтау жүйесін (BESS) қамтитын жобаға 250 млн долларға дейін несие мақұлдады. Жобаға TotalEnergies (60%), КазМунайГаз (20%) және Самрук-Қазына (20%) қатысады. Маңғыстау облысындағы гибридті жоба (77 МВт жел станциясы + 50 МВт күн станциясы) бойынша ЕҚДБ 90 млн долларға дейін несие беріп, қалғанын CTF қоры қаржыландырмақ.

Бұл қандай нәтижелерге алып келеді? Базалық сценарий бойынша биыл 2,6 ГВт-тан астам жаңа қуат енгізілуі тиіс. Негізгі шешуші тұс - Алматы энергия торабы бойынша кестенің орындалуы мен негізгі байланыстырушы желілердің (оңтүстік пен батыс) аяқталуына тіреліп тұр.

Ал 2030 жылға дейін 8 жаңа электр станциясын саламыз да, 11 қолданыстағы станцияны түгел жаңартамыз. Жаңа станциялардың ішінде көмір, гидроаккумуляторлы станциялар да қарастырылған. Демек Қазақстан электр қуаты бойынша ешкімге қол жаймайтын болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove