25 мамырда ауа райы құбылмалы болады

25 мамырда ауа райы құбылмалы болады
ашық дереккөз

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал шығыста түнгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр.

Қазақстан бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Кей жерлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Сонымен қатар, күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Батыста +28…+35 градусқа дейін, солтүстік пен орталықта +20…+32 градусқа дейін жылынады. Шығыста +17…+25, оңтүстікте +22…+35, ал оңтүстік-шығыста +20…+28 градус шамасында болады.