Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде таныту мақсатында әлемге әйгілі актер Уилл Смитке қазақы дәстүр бойынша шапан жапты, деп хабарлайды Dalanews.kz
Ерекше тарихи сәтті блогер өзінің парақшасына жариялады. Дастан Мұхамедрахымның айтуынша, бұл қадам қазақ халқының қонақжайлығы мен құрметке негізделген салт-дәстүрін әлем жұртшылығына көрсету үшін жасалған. Блогер шапанның қазақ мәдениетіндегі айрықша маңызын атап өтіп, оның құрмет пен ізеттің символы екенін жеткізді.
Ерекше сәт бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Желі қолданушылары блогердің бастамасын жоғары бағалап, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттаудың сәтті үлгісі ретінде пікір білдірді.
Айта кетейік, блогер Дастан Мұхамедрахым дайындаған қазақ жерінің әсем көрінісін бейнелейтін роликті Instagram желісінің ресми парақшасы жариялаған. Бұл әрекет блогердің танымалдығын арттырып, миллиондаған жазылушы Дастанға тіркелген.
