Білім бөлімдері басшыларын тағайындау облысқа берілмек

Dalanews 27 қаң. 2020 08:26 734

Бұл дегеніңіз барлық функциялардың аудан қала деңгейінен облысқа беріледі дегенді сөз.




"Жақында білім жүйесіндегі өзгерістерге қатысты тағы бір жаңалықты құлағым шалды. Ол білім жүйесін басқаруға қатысты екен. Яғни, 2021 жылдан бастап бүкіл қаржысын, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан, қала білім бөлімдері басшыларын министрлікпен келісіп тағайындау облысқа берілетін болыпты" дейді «Edtech-kz» халықаралық білім беру орталығының жетекшісі Ғани Бейсембаев.

Бұл дегеніңіз барлық функциялардың аудан қала деңгейінен облысқа беріледі дегенді сөз. Мұның не өзгеріс екенін қарапайым көпшілік біле бермеуі де мүмкін.

Мәселе түсінікті болуы үшін әңгімені сәл әріден бастаған дұрыс шығар.


Кеңес үкіметі құлап, еліміз тәуелсіздік алғанға дейін біздің білім жүйесін басқару вертикалды болды. Аудан, қала бөлімдері мен облыстық басқармалар басшылары министрліктің елегінен өткен соң барып тағайындалатын.


Бұл білім жүйесін басқаруға кездейсоқ адамдардың келуіне жақсы тосқауыл еді.

Бәріңіздің естеріңізде болса, ол кезеңдегі басшыларда үлкен жауапкершілік сезілетін. Кейінгі отыз жылда аудан әкімдерінің көпшілігі қолына тиген мұндай мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмады деседе болады.

Мәселен, кейінгі кездері желіде аудан әкімі тағайындаған білім бөлімдерінің басшыларының біліктілігіне күмән көбейіп кетті. Әсіресе білім саласынан ауылы алыс немесе тиісті дипломы жоқ кездейсоқ адамдардың басқарып отырғаны туралы шағымдар жиі айтыла бастады.

Немесе бір облыстағы аудандардың жағдайының әр қилылығы. Яғни, аудан әкімінің көзқарасына білім саласы тәуелді бола бастады. Соның кесірінен еліміздегі білім саясатының әр жерде әр қилы болуына әкеліп соқты.

Бұл бір елде тұратын балаларымыздың сапалы білім алуына жасалатын жағдайдың тек бір аудан әкіміне тәуелді етті.


Олардың арасында білім саласын жіті түсінбегендіктен асты-үсті қарайтындары көбейе бастады. Бұл сіз білетін мәселенің бір қыры ғана.


Сондықтанда мен білім жүйесін басқаруға білікті мамандардың келгенін қалаймын. Жаңа басқару жүйесі осындай қаптаған кемшіліктердің орнын толтыратынына сенімім мол. Олай болса, Білім министрлігінің мұндай бастамаларын қолдау қажет деп ойлаймын.


Жаңа өзгерістердің бір-екі ерекшеліктеріне тоқтала кетейін:

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар