21 номинация бойынша ұйымдастырылған конкурсқа жүзден аса мұғалімдер өз материалдарын ұсынды. Жіберілген бейнематериалдардың көпшілігі заманауи Қазақстандағы білім беру жүйесінің түрлі инновациялық және дәстүрлі нысандарын, әдістерін, жаңа педагогикалық білім беру технологияларын, практикалық педагогиканың даму перспективаларын қарастырған.
Эксперттік кеңес мүшелері конкурсқа ұсынылған бейнесабақтар мен бейнедәрістердің мазмұы мен техникалық сапасын жан-жақты тексеруден өткізуде. Мұғалімдер конкурс қорытындысын асыға күтуде.
Әрбір конкурс, бұл әрқашан қиын да қызықты сынақ. Сонымен қатар, бұл үлкен еңбек нәтижесінде шеберлігіңді арттырып, осы саладағы жеткен жетістіктер мен асқан тәжірибелерді ортаға салып, пайдаға асыру.
Бүгінгі күні көп ұпай жинағандар қазіргі заманғы педагогикалық шеберліктің қыр-сырын аша түсіп, өздерінің жетістіктері мен жинақтаған тәжірибелерінің бекер кетпегенін дәлелдей алды деп нық сеніммен айтуға болады.
Сөз соңында айтарымыз, құрметті әріптестер, сіздердің таланттарыңыз, бастамашылдықтарыңыз бен түсінушілік мәдениетіңіз, сондай-ақ әлеуметтік және азаматтық құзыреттілікке қабілетілігіңіз үшін үлкен рахмет! Әрбір конкурсқа қатысушы жеңімпаз.Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Қоғаммен байланыс бөлімі