Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуі туралы мәлімдеме жасады

Көркем Алдабергенова 06 сәу. 2024 11:47 6532

Қазақстанның Бас прокуратурасы Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, 5 сәуірде Kaztag.kz сайтында "Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуімен байланысты БО бойынша қылмыстық істі тоқтатты" деген мақала жарияланған. 

Бірақ прокуратураның дерегі бойынша, Қайрат Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайды.

Шынында да 3 сәуірде Бас прокуратура «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты «Бәйтерек SA» ЖШС мүддесінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтатқан екен.

Алайда, бұл қылмыстық іс «ҚазТрансГаз Өнімдері» АҚ және ЖШС (АҚ еншілес ұйымы) қолданыстағы басшылығына қатысты тергелді.

Осы сотқа дейінгі тергеу аясында АҚ бұрынғы басшысы К. Шәріпбаевтың қатысуы тексерілмеген, өйткені тексеру кезеңі 2022 жылдан 2023 жылға дейін, яғни «Болашақ» БО ғимаратын мемлекеттік меншікке бергеннен кейін болған.

Бұған дейін DALA INSIDE көптеген БАҚ Дариға Назарбаеваның екінші күйеуі деп атайтын, Ескі Қазақстан дәуірінде "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясын билеген Қайрат Шәріпбаевқа қарасты «APL Construction» фирмасы әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған, жағдайы төмен және қиналып жүрген Астанадағы отбасыларға жаңа ЖК салып, пәтерлерді тегін таратып бермек екенін жазған болатын. Барлығы 100 пәтер осы жылдың аяғында салынып бітетіні айтылған. 

Сонымен қатар, Әкежан Қажыгелдин мен Серік Медетбековтың қолында Қазақстанды 30 жыл билеген клептократиялық режимнің шетелдегі активтері бойынша толық ақпарат бары айтылған болатын. Ол бойынша, Құлыбаевтар, Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева, Қайрат Шәріпбаев, Димаш Досан, Әлия Назарбаевалардың активтеріне құрық салып, елге қайтаруға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар