Бұл туралы Үкіметтегі брифингте "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл банктің бас кеңсе жұмысын Астанада шоғырландыруға және ғимаратты өз қажеттілігіне бейімдеп пайдалануға мүмкіндік береді.
"Думан" қонақүйі - мемлекетке қайтарылған актив. Оны аукцион арқылы сатпақ болған, алайда ұсынылған баға сатып алушыларды қанағаттандырмаған. Ғимараттың аумағы мен басқа да параметрлері "Отбасы банкіне" сәйкес келді, себебі банкке арнайы техникалық мүмкіндіктер қажет. Банк заңнамаға сәйкес конкурсқа қатысып, нысанды сатып алды және қаражатты мемлекетке аударды. Нәтижесінде бұл қаражат қайта мемлекетке түсті", - деді ол.
