Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға балалардың ұйқы режимін алдын ала қалпына келтіру ұсынылды. Жазғы демалыста кеш жатып, кеш тұруға үйренген балаға мектеп тәртібіне бірден ауысу қиын болуы мүмкін. Сондықтан ұйықтау және ояну уақытын біртіндеп ертерек уақытқа ауыстырған дұрыс, деп хабарлайды dalanews.kz.
Баланың жасына қарай ұйқы мөлшері де өзгереді:
- 6-12 жастағы балаларға 9-12 сағат;
- 13-18 жастағы жасөспірімдерге 8-10 сағат ұйқы қажет.
Мамандар баланы күн сайын шамамен бір уақытта ұйықтатып, бір уақытта оятуға кеңес берді. Ұйықтар алдында смартфон, планшет пен компьютерді пайдалануды шектеп, бөлмені желдетіп, тыныш орта қалыптастырған жөн.
Толыққанды ұйқы баланың зейінін аударуға, жаңа ақпаратты жақсы меңгеруіне және күні бойы белсенді болуына көмектеседі. Сондықтан қосымша сабақтар мен ойын-сауық үшін ұйқы уақытын қысқартуға болмайды.