Айкөркем Мелдехан ісі: оқиғаға қатысты күтпеген деректер айтылды

Сағыныш Сардарова 24 мам. 2024 15:58 3282

Арман Жұман - Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің ісіне қатысты жалғыз күдікті әскери. Бұған дейін Астанадағы әскери соттың апелляциялық алқасы Арман Жұманды ақтау үкімінің күшін жойған еді. Осылайша Астана қаласының соты Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Айкөркемнің ісі бойынша бірінші сатыдағы үкімге апелляциялық шағымды қарады.

Сот бірінші сатыдағы үкімнің күшін жою және сотталушы әскери қызметші Арман Жұманға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы қаулы шығарды. Арман Жұман сот залында қамауға алынды. Алайда бұл іс әлі аяқталмаған секілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ulysmedia.kz мәліметінше, сотталушының туыстары мен адвокаттары соттың бұл шешімімен келіспейді. Олардың айтуынша, Арман Жұман Айкөркемге оқ атпаған. Олар сотқа осыны дәлелдемекші. А.Жұман жақтаушыларына сөйлеуге мүмкіндік беріп отыр.

Қыз бала 2022 жылдың 7 қаңтарында Алматының орталығында қаза тапты. Мелдехан әулетінің балалары - 18 жастағы Бауыржан, Жанель, Айкөркем және ағасы Бекислам көлікпен келе жатқанда оқ атылған. Сот бұған кінәлі 27 жастағы әскери қызметкер Арман Жұман деп танып, оны соттады. Арманның туыстары басылымға оның кінәсі дәлелденбегенін айтқан.

Алғашында Айкөркем Мелдеханның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергелді. Бірақ тергеу 7 қаңтарда көлікке кімнің оқ атқанын анықтай алмағандықтан, қылмыстық бап қайта сараланды. Арман Жұман қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Ол көлікке оқ атуға бұйрық берген-мыс. Алайда оның бұйрықты кімге бергені анықталмады. Қол астындағылар мұндай бұйрық болмағанын алға тартады. Қызға кімнің оғы тигені жұмбақ күйінде қалды.

Алғашында сот Арман Жұманды ақтады. Алайда кейіннен үкім өзгертіліп, ол кінәлі деп танылды. Жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірді. Ақтау үкімінің күшін жоюға сол күні болған оқиғаны көрді деген куәгердің сөзі әсер етті.

"Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы куә мен жәбірленушінің айғақтары бір-біріне сәйкес келеді деп есептеді. Сондай-ақ олар тергеу эксперименті мен оқиға орнындағы айғақтарды нақтылау екеуінің де бір нәрсені айтқанына дәлел деп көрсеткеніне сілтеме жасады", - деп түсіндірді адвокат Оксана Мұсохранова.

Сотталушының қорғаушысы үкіммен келіспей, ары қарай шағымдануға шешім қабылдады. Жәбірленуші тарап та қайта қарауды талап етіп, істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қайта саралауды талап етті.

Жұман қазір астаналық тергеу изоляторында отыр, ол біздің сауалдарымызға жауап беріп, сол қаралы кеште не болғанын түсіндіруге келісті.

Оның тікелей бастығы 26363 бөлімшенің командирі подполковник Дәурен Оразов болған.

"Инструкциядан өткізу барысында Д.Оразов өмірге, денсаулыққа қауіп төнген жағдайда немесе көлік жүргізушілері тоқтау талаптарын орындамаған жағдайда ғана оқ атуға болатынын түсіндірді. Аталған жағдайларда аспанға оқ ату арқылы ескерту жасауымыз керек", - деп түсіндірді Арман.

Айтуынша, оның қарамағында алты әскери қызметкер болған, бірақ ол оларға Мелдехан отбасы мінген көлікке оқ атуға бұйрық бермеген.

7 қаңтарда Сәтбаев – Желтоқсан көшелерінің қиылысында әскери қызметкер кезекшілікте болған.

"Алаң аумағында біздің бөлімшенің 90 әскери қызметкері ғана емес, басқа да бөлімшелер болды. Менің бақылау-өткізу пунктім Желтоқсан көшесіне қарама-қарсы, Сейфуллиннен 700 метр қашықтықта орналасқан (оқиға осы жерде болған. – Автор). Сол себепті қайғылы оқиғаға мені айыпты етіп көрсету тиімді болды деп ойлаймын. Оқты кім атқанын білмеймін. Бір білетінім: менің қарамағымдағылар Мелдехандар отбасы мінген көлікке оқ атпады", - дейді А.Жұман.

Ол әскери қызметшілерде дауыс үдеткіш құрал,  рация, түнде көру құрылғылары болмағанын айтты. Десе де, оларға жүктелген міндет – тапсырылған аймақты күзетіп, бөтен көліктерді өткізбеу.

Сол күні алаңға қарай көптеген көліктер жүріп жатты. Бізге өзіміз орналасқан секторды қорғау туралы бұйрықтар берілді. Көліктер жақындаған кезде біз нұсқау бойынша әрекет еттік: олардың көпшілігі бұрылуды талап еткеннен кейін кетіп қалды. Полиция қызметкерлерін де өткізбедік.

Жұманның айтуынша, ол және оның қарамағындағылар бақылау-өткізу бекетінің жанында көлікке оқ атылғанын полиция жауап алуға шақырған кезде білген.

"Содан кейін олар біз тұрған жерде көлікке оқ жаудырылып, бір баланың қаза тапқанын айтты. Бізден бұл туралы бірдеңе білесіңдер ме деп сұрады. Біз ештеңе білмейтінімізді айттық. Содан полиция қызметкерлеріне сеніп, ештеңеге мұқият қарамастан, қағазға қол қойдық", - дейді сотталушы.

Арман Жұманның айтуынша, 5 қаңтарда әскерилер алаңға төрт Камаз көлігімен жеткізілген. Олардың қолында тек каска мен сапер күректері ғана болған. Сол күні оларға шабуыл жасалып, кейбіреулері түрлі жарақат алған. Шабуыл жасағандар арасында тек азаматтық киіммен жүргендер ғана емес, полиция киімін киген адамдар да болған.

Адвокаттар атқан көлік пен Арман Жұманның арасы сол сәтте кем дегенде 700 метр екенін анықтады. Бұған қоса, олар жанып жатқан әкімдік ғимаратынан шыққан түтіннің кесірінен маңайды жөнді көре алмаған.

"Апелляциялық сот тұман болмаған деп шешті, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысқан құзырлы органдар «Қазгидромет» РМК-ға ауа райы қандай болды деп сұрау салған. Бұл көріну мүмкіндігін анықтау үшін қажетті шара. Қазгидромет тұман болмады деп жауап берген. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі өрт пен түтіннің шығу фактісін растады", - дейді Оксана Мусохранова.

Сергектің камераларынан ешқандай жазбалар болған жоқ , өйткені бүлікшілер оларды жойып жіберген.

Куәгер Фархат Мадықұл алаң іргесіндегі ғимаратта жұмыс істеген. Оның үйі бұл арадан алыс болғандықтан, жұмыстан соң ешқайда кетпей, күні бойы кеңседе отырған.

"Сотқа дейінгі тыңдауда ол сыртқы есікке темекі шегу үшін шыққанын, әскерилердің қалай тұрғанын, оқ жаудырғанын көргенін айтты. Ал кейін сот отырысында оның жауабы екіұштылау шықты. Бір жерінде оқиғаны есік глазогы арқылы қарадым десе, енді бірде терезеден қарағанын айтты. Яғни не болып жатқанын қай жерден көргенін нақты айта алмады", - дейді Оксана Мусохранова.

Ер адамнан оқиғадан төрт айдан кейін алғаш рет жауап алынған.

"Оны қалайша ұмытуға болады? Елестетіп көріңізші: сіздің көз алдыңызда көлікке оқ атып жатыр. Мұны қай жерден көргеніңді қалай ұмытуға болады", – дейді заңгер.

Ол тағы бір таңғаларлық жайтты атап өтеді: куәгер өзінің басшысымен телефон арқылы сөйлескен. Бірақ қандай да бір себептермен ол көлікке оқ атылғаны туралы тіс жармаған.  Оның үстіне ер адам уақытының көп бөлігін интернетте өткізген, оқиға кезінде телефонын да пайдаланып отырған. Ал сот отырысында куәгер көлікке оқ атылған кезде ұялы телефоным зарядкада тұрған еді деп жауап берген.

Айыптаушы тараптың куәгері басқа көліктердің атылғанын көрмегенін айтты Бұл күні алаңда өртеніп кеткен көліктер көп болған. 

Айыпталушы мұнда тек 7 қаңтарда ғана болды, оған дейін басқа әскери бөлімдер болған; Әрі түрлі белсенді акциялар өтіп, атыс болды. Бірақ куәгер, неге екені белгісіз, осы жағдайларды ғана көрген болып шықты. Сотта ол Айдос Мелдеханды Айдос аға деп атап, «Айдос аға мені тауып алып, сотта куә болатынымды айтты» деді. Менің ойымша, бұл да біздің ақ екенімізге дәлел, - деді Наталья Усова.

Адвокат сондай-ақ куәгер мен жәбірленушілердің айғақтары әртүрлі екенін алға тартады. Мысалы, бірі көлік қиылыстың қақ ортасында болған десе, екіншісі Желтоқсан көшесіне жетпей бұрылып кеткенін айтады. Ал ол жерден куәгердің оқиғаны көруі мүмкін емес еді.

Ең маңызды сұрақтардың бірі - сол тағдырлы кеште балалар көлікпен не істеп жүрді?

Бұл бізге де жұмбақ. Әкесінің айтуынша, үлкен ұлы балалардың бірге баруға сұранғанын, сондықтан ол оларды өзімен бірге алып кеткенін айтты. Олар жақын маңдағы дүкендерге бармақ болды, бірақ олар жабық болғандықтан, басқаларын іздеуге шыққан. Олардың алаңға не үшін барғаны белгісіз. Өйткені ол жерде жаппай тәртіпсіздіктер белең алған еді. Барлық дүкендер қирап, жұмыс істемеді», - деп түсіндірді Наталья Усова.

Жөнелту пункті Сүйінбай даңғылы, 263 үй болатын. Олар 18.33-те кетті. Бұл, айтпақшы, Түрксіб ауданы, алаңнан шалғайдағы аудан. Көлік отқа оранған жерге дейінгі қашықтық шамамен 11 км. Сапардың мақсаты - азық-түлік пен жаялық сатып алу.

Заңгер Наталья Усованың айтуынша, олар алаңға жету үшін жарты қаланы айналып өткен.

Детализация бойынша сағат 19:39-19:41 аралығында Бауыржан Мелдехан мінген көлік Сәтбаев 22Б жанынан өткен (бұл өткізу бекетіне ең жақын пункт. Сәтбаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысы), 19:47-дегі келесі пункт - Жұмалиев 108. Бұл Бөгенбай батыр мен Жұмалиев көшелерінің қиылысы, Жұман тұрған өткізу пункті Сәтбаев-Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған. 

Бұл ретте жәбірленуші тарап сот отырысында дүкенге тоқтап, бірдеңе сатып алғанын айтты. Оқиға болған күні көлікті тексерген кезде ол жерде бірде-бір пакет болмаған. Олардың не сатып алғаны белгісіз. 

Сот отырысында жәбірленушінің ұлы білетін жалғыз маршруты Сейфуллин көшесі екенін, сондықтан ол сол жерге келгенін түсіндірді. Бірақ заңгерлер оның қаланы жақсы білетініне сенімді. Болжам бойынша, отбасы Алматыға 2019 жылы көшіп келген. 

"102-ге хабарласқанда, Сәтбаев – Сейфуллин көшелерінің қиылысында көлікке оқ жаудырылғанын айтқан. Содан кейін қылмыстық істі тергеу басталғанда, Сейфуллин көшесінде әскерилер жоқ екенін түсініп, олар айғақтарын өзгертіп, Желтоқсан көшесінде жүргендерін алға тартқан. Балалардың әкесінің өзі тергеушілерді әуел бастан-ақ шатастырған. Өз түсініктемелерінде әртүрлі айтқан: «үйде болатынмын, памперс керек болды, біз азық-түлік алуға шықтық». Бірақ әріптесім екеуміз олардың (сол кеште ұлы мен балалары. - Автор) қаланы айналып шыққанын  анықтадық", - дейді адвокат Оксана Мусохранова тергеу деректерін бөлісіп. 

Отбасы қажетті тауарларды күндіз сатып алуға мүмкіндігі бар еді. Заңгерлердің айтуынша, әкесі мен баласы күні бойы қаланы аралаған.

"Балалардың әкесі алғашында қалада болып жатқан оқиғадан бейхабармын деді. Бірақ біз детализацияны шығарып алдық. Олар 102-ге күндізгі уақытта қоңырау шалған, неге екені белгісіз. Қоңырау үзіліп қалады. Күндіз әкесі де, баласы да көлікпен жүрген. Олар бұған қатысты ешқандай түсініктеме бермеді. Сот барысында біз сұрақтар қойдық, бірақ олар: «Есімде жоқ, білмеймін» деп жауап беруден қашты. Бұл – адам өтірік айтқан кездегі стандартты реакция", - дейді Оксана Мусохранова сенімді түрде.

Сол күні Мелдехан отбасы 14.13-16.48 аралығында көлікпен қаланы аралап жүрген.

Олар қалада не болып жатқанын жақсы білген. Өйткені Ақордадан смс-хабарламалар келіп жатты, интернет жұмыс істеп тұрды, трафик қолданылғаны көрініп тұр. Сонымен қатар заңгерлер зардап шеккен тараптың наразылық шеруі өткен күндердің бәрінде қалаға барғанын және оқиғаның қақ ортасында болғанын атап өтті. Мусохранованың айтуынша, мұны дәлелдейтін видео да бар.

Алаңда түсірілген видеоға сараптама жасадық, видеодағы ер адам балалардың әкесі екенін анықталды. Сотта олар (жәбірленуші – авт.) бұл ол емес, ұқсайтын адам деген еді.

"Жалпылай алғанда, ешкім адамдарға оқ атқан жоқ. Осыған ұқсас қылмыс істер сот қарауына түспеген", - деп атап өтті адвокат.

Оның үстіне жарғыға сәйкес, көлік әскерилердің ескертуіне қарамастан қозғалысты жалғастырса, әскери қызметшілер оның дөңгелектерін атып тоқтатуға құқылы еді, - деп түсіндірді адвокат.

Мелдеханның көлігінде 20 оқ тесігі анықталды, бірақ олар қашан атылған оқтың ізі екенін дөп басып ешкім айта алмады. Іс материалдарында олардың 7 қаңтарда пайда болғаны расталмады. Отбасы бұрын да көлікпен жүргендіктен, олар 7 қаңтарда емес, одан ерте де болуы мүмкін.

"Сотқа дейінгі тергеу оқтың қай қарудан атылғанын, кімнің атқанын, қай уақытта атқанын анықтай алмады, сондықтан сараптама қорытындысы біз үшін күман туғызады", - деді Наталья Усова.

– Халық шулап кеткесін, біреуді құрбандыққа беру керек болды. Ал қыздың қазасы, әрине, бәрімізге ауыр тиді. Айыпталушы да бұл қазаға қуанып отырған жоқ.  Қоғам балаға аяушылық білдіріп жатыр, бірақ оның ол жақта не істеп жүргенін, ата-анасы қайда болғанын, ең бастысы, шын мәнісінде кімнің атқанын сұрап жатқан ешкім жоқ.

Оның айтуынша, марқұмның әкесі белгілі бір мақсатты көздеп отырған сыңайлы.

"Шартты түрде босату үшін жәбірленушілердің келісімі қажет. Мелдехан бұған не дейтінін білмеймін. Бірақ азаматтық талап арызын қайтарып алғанын айта кеткен жөн. Содан кейін ол Қорғаныс министрлігіне қатысты айтты. Ол әр балаға 100 миллион теңге бересің деді. Бірақ бұл біздің клиент үшін өте-өте қомақты сома деп ойлаймын. Оның отбасында мұндай қаржылық мүмкіндік жоқ: олар барын сатып, өмірінің соңына дейін жұмыс істесе де, ол ешқашан мұндай соманы қайтара алмайды", - дейді Наталья Усова.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар