Ирак Ормуз арқылы өтіп тәуекел еткендерге мұнайын жеңілдікпен сатпақшы

Ирак Ормуз арқылы өтіп тәуекел еткендерге мұнайын жеңілдікпен сатпақшы
pixabay.com

Ирак мұнай экспортын жандандыру үшін тәуекелге баратын сатып алушыларға ірі жеңілдіктер ұсынуда, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бағдад билігі ұзақ мерзімді сатып алушыларға мамыр айындағы жеткізілімдер үшін бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер ұсынып отыр. Алайда бұл ұсынысқа келісетін компаниялар маңызды тәуекелге баруы тиіс – мұнай тиеген танкерлер Ормуз бұғазы арқылы өтуі керек.

Мәліметке сәйкес, Ирак Basrah Medium маркалы мұнайын барреліне 33,40 долларға дейін жеңілдікпен сатуды ұсынып отыр. Ал ауыр сорт саналатын Basrah Heavy мұнайы бір ай бойы ресми бағадан 30 доллар жеңілдікпен ұсынылады.

Бұл қадам Ирактың экспорт көлемін арттыруға бағытталған. Дегенмен Ормуз бұғазы арқылы тасымалдау қауіпсіздік тұрғысынан күрделі болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай ірі жеңілдіктердің өзі тәуекел деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Осылайша, Ирак мұнай нарығындағы үлесін сақтап қалу үшін бағаны айтарлықтай төмендетуге дайын, алайда бұл ұсыныс тек қауіп-қатерді мойнына алатын сатып алушыларға арналған.