Әйел ағзасы күнделікті өз функцияларын дұрыс атқару үшін түрлі дәрумендер мен минералдарға мұқтаж. Кейбір витаминдер энергияны, көңіл күйді, жүрек пен иммунитетті қолдауда ерекше маңызды рөл атқарады. Ендеше, әйелдер үшін аса қажет 8 негізгі дәруменді ұсынамыз, деп хабарлайды Dalanews.kz.
1. Фолий қышқылы (В9 витамині)
Фолий қышқылы, әсіресе жүктілік кезінде аса қажет. Ол:
-
ұрықтың жүйке түтігінің ақауларын алдын алады,
-
жасушалардың жаңаруына және ДНҚ түзілуіне қатысады,
-
қан түзу процесін қолдайды.
Ол жүктілік кезінде ғана емес, жалпы әйелдердің жүрек денсаулығы мен жасушалық жаңаруында да қажет. Фолий қышқылы табиғи түрде көкөністерде, жемістерде, жаңғақтарда кездеседі.
2. Темір
Темір – ағзадағы қызыл қан жасушаларын түзуге және оттегін тасымалдауға жауапты минерал.
Темір жетіспесе:
-
анемия,
-
әлсіздік,
-
бас айналу,
-
етеккір циклінің бұзылуы байқалады.
3. Кальций
Кальций – сүйекті нығайтатын негізгі элемент. Әйелдерде менопауза кезінде остеопороз қаупі жоғарылағандықтан, кальций тапшылығы жиі байқалады. Кальций сүйек сынуын азайтады, бұлшықет қызметін қолдайды және гормоналды теңгерімге әсер етеді.
4. В12 витамині
В12 дәрумені жүйке жүйесін, қан түзу процесін және жалпы энергияны қолдайды. Жасы ұлғайған сайын әйелдердің ағзасы В12 дәруменін нашар сіңіре бастайды, сондықтан 50 жастан кейін оның тапшылығы жиі кездеседі.
5. D витамині
D витамині кальцийдің сіңуіне көмектеседі және сүйек саулығын қорғайды. Сонымен қатар ол:
-
иммунитетті күшейтеді,
-
қабынуды азайтады,
-
көңіл күйді реттеуге әсер етеді.
D витамині әйелдердің гормондық жүйесі мен етеккір циклін реттеуде де маңызды рөл атқарады.
6. Омега-3 май қышқылдары
Омега-3:
-
жүрек-қан тамыр жүйесін,
-
ми қызметін,
-
буындардың саулығын қолдайды.
Жүкті әйелдер үшін Омега-3 ұрықтың көз және ми дамуы үшін қажет.
7. Магний
Магний бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысын,энергия өндіруді және жүрек функциясын реттейді.
Сонымен қатар қандағы қант деңгейін қалыпты ұстап, қан қысымын төмендетуге көмектеседі.
8. Мультивитаминдер
Мультивитаминдер барлық әйелдерге міндетті емес. Олар негізінен:
-
дәрумендерді тамақтан жеткіліксіз алатын,
-
диета ұстайтын,
-
тәбеті нашар әйелдерге ұсынылады.
Ал дәрумен тапшылығы жоқ адамдарға мультивитаминдердің пайдасы айтарлықтай болмауы мүмкін.
Ескерту: Бұл материал тек ақпараттық мақсатқа арналған. Витаминдер мен кез келген қоспаларды дәрігердің кеңесімен ғана қабылдау қажет. Әр адамның ағзасы әртүрлі, сондықтан дұрыс мөлшер мен қажетті витаминдер тек медициналық тексерістен кейін анықталады.
